Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстанда бір жылда баспана бағасы қалай өзгергені белгілі болды

Опубликовано:

Үйдің макеті және кілт
Үйдің макеті. Көрнекі фото: pixabay.com

Ұлттық статистика бюросы ресми сайтында биыл қазан айында тұрғын үй мен жалдамалы пәтерлердің бағасы қалай өзгергенін хабарлады, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Ведомство өкілдерінің мәліметінше, бір жылдың ішінде жаңа тұрғын үйлердің сатылым көрсеткіші 5,1 пайызға өскен, ал қайталама нарықтағы пәтерлерді сату бағасы 5,3 пайызға төмендеген. Жөндеу жұмыстары жүргізілген жалдамалы пәтерлердің бағасы былтырғы көрсеткіштермен салыстырғанда 3,4 пайызға төмендеген.

Тұрғын үй мен жалдамалы пәтерлердің бағасы
Тұрғын үй мен жалдамалы пәтерлердің бағасы. Инфографика: stat.gov.kz

Өңірлер бойынша бір жылда жаңа баспаналар нарығындағы баға көрсеткіші Павлодарда (14,8 пайыз), Семейде (12,1 пайыз) жоғарылаған. Қолданыстағы пәтерлер нарығында болса, Семей (14 пайыз), Қызылорда (11,7 пайыз) қалалары көш бастап тұр.

Ал тұрғын үйді жалға алу нарығында баға көрсеткіші Жезқазған (26,3 пайыз), Көкшетау (20,6 пайыз), Қызылорда (20,2 пайыз) қалаларында артқан.

Тұрғын үй мен жалдамалы пәтерлердің бағасы
Тұрғын үй мен жалдамалы пәтерлердің бағасы. Инфографика: stat.gov.kz

Ведомство мәліметіне сүйенсек, 2023 жылғы қазан айында тұрғын үйді сатып алу-сату бойынша 32 мыңнан астам мәміле жасалған, оның ішінде жекеменшік үйлер бойынша 8 023 мәміле, көппәтерлі тұрғын үйлерді сатып алу-сату бойынша 24 952 мәміле тіркелді. Бұл ретте 2023 жылдың қыркүйегімен салыстырғанда (35 398) тұрғын үйді сатып алу-сату мәмілелерінің саны 6,8 пайызға азайғанын байқауға болады.

Бүгінде мәмілелер саны бойынша Алматы (5 854 – 17,8 пайыз) мен Астана (5 438 – 16,5 пайыз) қалалары, сонымен қатар, Қарағанды облысы (3 075 – 9,3 пайыз) көш бастап тұр. Осы орайда Ұлытау облысында ең аз мәміле жасалғаны белгілі болды – 298 (0,9 пайыз).

Тұрғын үй мен жалдамалы пәтерлердің бағасы
Тұрғын үй мен жалдамалы пәтерлердің бағасы. Инфографика: stat.gov.kz

Сондай-ақ биыл қазанда тұрғын үйді сатып алу-сату мәмілелері былтырмен салыстырғанда 4 пайызға азайған, ол кезде 34 336 мәміле жасалғаны тіркелген болатын. Ақтөбе облысында (минус 20,4 пайызға) ең аз мәміле жасалғаны белгілі болды, ал Алматы облысында керісінше, бұл көрсеткіш (25,1 пайызға) жоғарылаған.

2023 жылғы қаңтар-қазан айларындағы мәмілелер саны былтырғы көрсеткіштермен салыстырғанда динамиканың төмендеуі байқалған (минус 24,5 пайыз).

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/nurfin/2045212-qazaqstanda-bir-zylda-baspana-bagasy-qalai-ozgergeni-belgili-boldy/

pixel