Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстандықтар қандай шағын несие түрін өтеуден босатылуы мүмкін

Жарияланған күні:

Читать на русском
Ақша санап отырған әйел
Ақша санап отырған әйел. Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Елімізде алаяқтардың құрығына түсіп, шағын несие алғандардың қарызы кешірілуі мүмкін. Бұған мүмкіндік беретін заң жобасы қарастырылып жатыр. Десе де жаңа заң жобасына сәйкес, егер сот қарыз алушының кінәсі барын анықтаса, қарызды толық көлемде өтеуге тура келеді. Толығырақ KAZ.NUR.KZ материалынан оқыңыз.

Алаяқтарға тап болған қазақстандықтар аз емес. Тіпті құрығына түсіп, үлкен шығынға батқандардың да саны артып жатыр. Олар алаяқтар рәсімдеп, қолды қылған қаражатты жылдап төлеуге мәжбүр.

Осыған байланысты үкімет алаяқтық жолмен алынған шағын несиелерді кешіру мүмкіндігін қарастыратын қаулы жобасын әзірледі.

"Юрист "Параграф" Telegram арнасының хабарына қарағанда, Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі бүгінде шағын несиелерді электронды түрде беру қағидаларына өзгеріс енгізетін құжатты қабылдап үлгерген. Онда алаяқтық жолмен рәсімделген несиені кешіру мәселесі де назарға алынған.

Мәселен, қазақстандыққа шағын несие берілсе, бірақ несие алушы ақшаға ие болмағаны анықталса, онда сот микроқаржы ұйымын 15 жұмыс күні ішінде мынаған міндеттейді:

  • шағын несие бойынша клиент берешегін кешіру туралы шешім қабылдауға;
  • клиенттің несие тарихына түзетулер енгізуге;
  • микроқаржы қызметін жүзеге асыратын ұйым бұрын өндіріп алған немесе клиент өз бетінше өтеген осы микрокредит бойынша берешек сомасын клиентке қайтаруға міндеттеу.

Алайда жаңа заң жобасына сәйкес, кез келген шағын несие кешіріле бермейтінін тағы естен шығармаған жөн. Егер сот жалған несие беру ісі бойынша клиенттің де кінәсі барын анықтаса, онда микроқаржы ұйымы оған берілген микрокредит бойынша берешекті өтеуді талап етуге құқылы.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/nurfin/2044740-qazaqstandyqtar-qandai-sagyn-nesie-turin-oteuden-bosatyluy-mumkin/