Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстанның сыртқы қарызын кім, қалай төлейді

Опубликовано:

Монеталар жинағы
Фото: pixabay.com

NUR.KZ Ұлттық банктің сарапшыларымен бірлесіп, күрделі экономикалық терминдерді "қарапайым тілде" әңгімелеуді жалғастырып жатыр.

Қазақстанның сыртқы қарызын қарапайым халық қайтарады деген қате түсінік қалыптасқан. Бірақ, олай емес. Бұл кімнің міндеттемесі екенін және оны кім төлейтінін түсіну үшін қарыздың құрылымына қарау керек. Содан кейін ғана қорытынды жасаған абзал. Мәселен, еліміздің сыртқы қарызының көбі фирмааралық қарыз деп аталады, ол біздің қалтамыздан төленбейді, кәсіпорындар төлейді.

Қаржылық тұрғыдан сауатты болу кімге болса да қажет. Экономикадағы негізгі дүниелерді білсек, күрделі терминдерді, ішкі жағдайды түсіне аламыз.

Біздің келесі сарапшымыз, Ұлттық банктің Төлем балансы департаментінің директоры Азат Өскенбаев сыртқы қарыз деректерін қалай дұрыс түсіну керек екенін айтып береді, сондай-ақ еліміздің төлем балансының деректерін бөліседі. Айтпақшы, бұл сіз бен біздің қалтамызға тікелей әсер етеді. Экономикада маңызды рөл атқаратын да – осы төлем балансы, өйткені онда бір ел мен бүкіл әлем арасындағы барлық қаржылық операция көрініс табады. Басқаша айтқанда, Ұлттық банк елдің сыртқы ұстанымын тұтастай түсіну үшін және осы арқылы экономикамыздың ахуалын байқататын көрсеткіштерді анықтау үшін Қазақстан мен басқа елдер арасындағы барлық қаржы операциясын есептеп отырады.

Бізбен бірге қаржылық сауатыңызды ашыңыз!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/nurfin/2044752-qazaqstannyn-syrtqy-qaryzyn-kim-qalai-toleidi/

pixel