Елімізде туған әр төртінші балаға 5 мың доллар немесе 2,3 млн теңге беру ұсынылды
Жарияланған күні:
Қазақстанның халық партиясынан мәжіліс депутаты Гауһар Танашева Қазақстанда Ресей мен Беларусьтегідей "Отбасылық капитал" бағдарламасын енгізуді ұсынды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.
Депутат Қазақстандағы демографиялық ахуал туралы айта келе, Тәуелсіздіктің 32 жылында ел халқы небәрі 4 млн адамға өскенін атап өтті. Оның айтуынша, демографияны көтеріп жүрген көпбалалы отбасылар несиеге батып отыр, ал ата-аналар бірден бірнеше жұмыста жұмыс істеуге тырысады.
Мәселен, Танашева премьер-министрге жолданған депутаттық сауалында Ресей мен Беларусьтің тәжірибесін қарауды ұсынды, онда туған әр балаға шамамен 3 млн теңге төленетін "Ана капиталы", сондай-ақ үшінші туған немесе асырап алынған бала үшін 10 мың доллар немесе 4,65 млн теңге төленетін "Отбасы капиталы" бағдарламалары бар.
"Біздің ойымызша, бұл механизм тиімді және іс жүзінде өз нәтижелерін көрсетті. Бірақ басқа елдердің оң тәжірибесіне қарамастан, мұндай жүйені Қазақстанда енгізу мүмкіндігі әлі қарастырылмаған. Депутаттар отбасында төртінші бала туған кезде немесе отбасында ерекше бала болған кезде "Отбасы капиталы" бағдарламасы бойынша 5 мың доллар немесе 2,3 млн теңге беруді ұсынады.
Бұл капиталды үш бағытта пайдалану ұсынылып отыр. Біріншіден, тұрғын үй проблемаларын шешуге. Екіншіден, жоғары білім ала алмайтын көпбалалы отбасылардан шыққан балалардың арманын орындау. Үшіншіден, отбасылар бұл қаражатты балаларының денсаулығына пайдалана алады", - деп оқыды депутат Танашева партия ұсынысын.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/nurfin/2044785-elimizde-tugan-ar-tortinsi-balaga-5-myn-dollar-nemese-23-mln-tenge-beru-usynyldy/