RU
Қаржы
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.

Зектілері

"Отбасы банк" басшысы жаңа "9-20-25" ипотекалық бағдарламасы туралы айтып берді

Жарияланған күні:

Читать на русском
Баспана
Баспана. Көрнекі фото: Pixabay.com

Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте "Отбасы банктің" басшысы Ләззат Ибрагимова елімізде "9-20-25" деп аталатын жаңа ипотекалық бағдарлама ашылатынын айтты. Оның айтуынша, бағдарлама шарттары 2024 жылы белгілі болады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

"9-20-25" бағдарламасы жоспарымызда бар. Бізде көпбалалы отбасылар, мүгедектерді тәрбиелеп отырған жанұялар, 1-2-топтағы мүгедектер және жетім балаларға арналған "Бақытты отбасы" мемлекеттік бағдарламасы бар.

Кейінгі кезде жас отбасылар "бір баламыз бар, енді аяққа тұрып жатырмыз, бірақ баспанамыз жоқ; мемлекеттік қызметкер емеспіз, бұл санаттар бойынша кезекке тұра алмаймыз" деп жиі хабарласады.

Жас отбасыларға қамқорлық жасағымыз келеді, оған қоса, 20 миллионыншы азаматтар дүниеге келіп жатыр. Біз мөлшерлемесі сәл жоғары бағдарлама әзірлегіміз келеді. Оны жоспарлап та қойдық. Бірақ бағдарламаның шарттары мен механизмі 2024 жылы нақты белгілі болады", - деді "Отбасы Банк" АҚ басқарма төрайымы Ләззат Ибрагимова.

Тақырып бойынша жаңа жарияланым:
Қазақстанда 7 пайызбен ипотека алуға бола ма

Ләззат Ибрагимова бағдарлама әлі басталмағанын, ешқандай шектеу жоғын жеткізді. Оның сөзінше, банк мамандары алдағы уақытта тиісті есептеулерді жүргізеді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/nurfin/banks/2046088-otbasy-bank-bassysy-zana-9-20-25-ipotekalyq-bagdarlamasy-turaly-aityp-berdi/

Жарияланымға реакцияңыз?

Пікірлер жүктелуде

jitsu gif