Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Инфляция дегеніміз не және ол қалай бақыланады?

Опубликовано:

Азық-түлік арбасы бар қыз және қызыл көрсеткі
Сурет: pixabay.com

KAZ.NUR.KZ Ұлттық банктің сарапшыларымен бірге күрделі экономикалық терминдерді "қарапайым тілде" түсіндіруді жалғастырады.

Инфляция күнделікті өмірде әр қазақстандық бетпе-бет келетін экономикалық құбылыстардың бірі деуге болады. Азық-түлік, тұрмыстық тауарлар, киім-кешек, коммуналдық қызмет бағасының өсуі – осының бәрі біздің әл-ауқатымызға әсер етеді.

Инфляцияны есептеу үшін 500-ден аса тауар мен қызмет бағасының өзгеруі бақыланатынын білесіз бе? Біздің келесі сарапшымыз – ҚР Ұлттық банкінің ақша-кредит саясаты департаментінің директоры Рүстем Оразалин. Ол инфляция қалай өлшенетінін, қалай бақыланатынын және халықтың төлем қабілетінің нашарлауы неліктен қауіпті екенін түсіндіріп береді.

Айтпақшы, инфляцияны тежеу мәселесінде де реттеушінің өз мақсаты бар. Сол мақсатқа жету болашақта бағаның тез өсіп кетпейтініне сенімділік береді. Яғни, бір жылдан кейін де сіз сатып аламын деп жоспарлаған өнімдер, заттар мен қызметтерді сатып ала аласыз. Осылайша, инфляцияға қатысты қойылған мақсат және оған жету – теңгенің төлем қабілетін сақтауға және экономиканың дамуын сенімді түрде болжауға көмектеседі.

Сілтемені басып, көбірек пайдалы ақпарат ала аласыздар.

Қаржы туралы бізбен бірге біле жүріңіздер!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/nurfin/2046829-inflyaciya-degenimiz-ne-zane-ol-qalai-baqylanady/

pixel