Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстанда тұтынушының құқығы бұзылса, шағым түсіріп, өтемақы өндіріп алуға бола ма

Опубликовано:

Түбіртек
Түбіртек. Көрнекі фото: Daniel Karmann / Picture Alliance / Getty Images

Қазақстандықтар чектер мен тауарлардың штрих-кодын сканерлегені үшін немесе түбіртек берілмегені үшін өтемақы өндіріп ала алады. Кәсіпкерлер тұтынушылардың құқығын бұзса, қалай өтемақы өндіріп алуға болады. Толығырақ KAZ.NUR.KZ материалынан оқыңыздар.

Тұрғын үй жанындағы дүкендер, супермаркеттер, мейрамханалар, кафелер, құрылыс дүкендері және т.б. сауда мекемелері тұтынушыларға фискалдық түбіртек беруге міндетті. Бұл көрсетілетін қызмет ашықтығына кепілдік беріп, мемлекеттік бюджетке салықтар төленіп жатқанына дәлел бола алады, осылайша халыққа арналған түрлі бағдарламаларды қаржыландыруға мүмкіндік береді.

Алайда Қазақстанда көлеңкелі экономика деңгейі 40 пайызға жеткен, салдарынан көптеген жеке кәсіпкер салық төлеуден жалтарып жатады.

Осылайша, қазақстандықтар тұтынушының құқығын бұзған кәсіпкерлермен күресуге үлес қосып қана қоймай, тіпті ақшалай сыйақы да ала алады.

Қазақстандықтарға берілетін сыйақы мөлшері қандай

Маңғыстау облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаменті ресми сайты ақпараты бойынша, тауарлық-ақшалай есеп айырысуды растайтын құжат туралы өтінім берген адамның телефон теңгеріміне 1000 теңге түседі, сондай-ақ түбіртек сканерленгені үшін тұтынушыға кэшбек есептеліп берілуі мүмкін.

Бұл рете "Азаматтық бақылау – Чекті талап ет" акциясы бойынша бақылау-кассалық машиналардан (БКМ) фискалдық түбіртек берілмегені үшін әрі банк картасын қабылдаудан бас тартқаны туралы хабарлаған азаматтарға жалпы 1,8 млн теңгеден астам сыйақы төленген.

Түбіртек берілмегені үшін әрі шағым түсіру арқылы қалай табыс табуға болады?

Аталған акцияға қатысу үшін Wipon Cashback тегін мобильді қосымшасын жүктеп, тіркелу керек. Авторизациядан өткеннен кейін пайдаланушыға негізгі бетте "Танымал қызметтер" мен "Шағымдар" бөлімі қолжетімді болады. Бөлімдерде әр түрлі функция бар.

Бұл ретте "Чек берілмеді" деген бөлім арқылы өткен кезде өтінімді толтыру терезесі ашылады. Оған мынадай ақпаратты енгізу қажет:

  • фотосуретті не видеоны қоса беру керек – кадрда касса, кассир және чектің берілмегені нақты көрінуі керек, сонымен қатар компанияның белгісі бар фотосуретті тіркеген жөн;
  • қызмет көрсететін ұйымды түсіріп, көрсету керек – облыс, я болмаса қала, ұйым атауы, сауда мекемесі мекенжайы (тіпті бутик нөміріне дейін) көрсетілген абзал;
  • жеке мәліметтер – ЖСН енгізіп, шағымға қатысты пікір қалдыру қажет.

Егер ұсынылған дерек тексерілгеннен кейін кәсіпкердің кінәсі дәлелденсе, қазақстандықтар 1000 теңге көлемінде ақшалай сыйақы ала алады.

Ал "Фискалдық түбіртекті сканерлеу" бөлімі арқылы сатып алу сомасынан кэшбэк алуға мүмкіндік бар.

Сондай-ақ бұл мобильді қосымшада банк картасымен төлемді қабылдаудан бас тартылғаны туралы хабарлауға болады және алкогольдік өнімдердің акциздік маркаларын сканерлеуге болады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/nurfin/2046977-qazaqstanda-tutynusynyn-quqygy-buzylsa-sagym-tusirip-otemaqy-ondirip-aluga-bola-ma/

pixel