Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ұлттық банк базалық мөлшерлемені төмендетті

Опубликовано:

Ұлттық банк1
Фото: Ұлттық банктің баспасөз қызметі

Бүгін, 2023 жылғы 24 қарашада Ұлттық банк базалық мөлшерлемені 5,75 пайызға дейін төмендетті, деп хабарлайды Ұлттық банк ресми сайтында.

"Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің Ақша-кредит саясаты комитеті базалық мөлшерлемені +/– 1 п.т. дәлізімен жылдық 15,75 пайызға дейін төмендету туралы шешім қабылдады. Мұндай шешімге келуге Ұлттық Банктің болжамдарды жаңартуы, деректерді талдауы және инфляция тәуекелдерінің балансын бағалауы негіз болды", - делінген хабарламада.

Ұлттық банк мәліметінше, жылдық инфляция белсенді түрде баяулап келеді. Алдағы айларда оның көрсеткіші бір таңбалы мәнге жетеді деп күтіледі. Қазанда айлық инфляция орташа тарихи мәндерге дейін баяулады.

"Қазанда айлық инфляция орташа тарихи мәндерге дейін баяулады. Сыртқы инфляциялық қысым орталық банктердің қатаң саясаты мен әлемдік азық-түлік бағасының төмендеуі аясында бәсеңдеп келеді. Алайда назар аударуды қажет ететін жекелеген факторлар мен тәуекелдер бар. Ішкі экономикада фискалдық ынталандыру, орнықты ішкі сұраныс, жоғары және тұрақсыз инфляциялық күтулер тарапынан проинфляциялық қысым сақталып отыр.

Базалық мөлшерлеме бойынша қабылданатын алдағы шешімдер нақты инфляция динамикасының оның болжамды траекториясына сәйкестігіне байланысты болады. Инфляция бойынша 5 пайыз мақсатына қол жеткізу қажеттілігі ортамерзімді кезеңде ұстамды қатаң ақша-кредит шарттарын ұстап тұруды талап етеді", - деп хабарлады Ұлттық банктен.

Ұлттық банктің Ақша-кредит саясаты комитетінің базалық мөлшерлеме бойынша кезекті жоспарлы шешімі 2024 жылғы 19 қаңтарда Астана қаласының уақытымен сағат 12:00-де жарияланады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/nurfin/2047463-ulttyq-bank-bazalyq-molserlemeni-tomendetti/

pixel