Доллар бағамы демалыс күндері қарсаңында шамамен 2 теңгеге жоғарылаған
Жарияланған күні:
Читать на русскомБүгін, 24 қарашада Қазақстан қор биржасындағы күн сайынғы сауда қорытындысы бойынша АҚШ долларының бағамы 2 теңгеге жуық көтерілген, деп хабарлайды KASE ресми сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.
KASE ақпараты бойынша, қазір Қазақстанда доллар бағамының орташа көрсеткіші - 463,09 теңге. Алдында өткен саудадан бері доллар бағамы 1,99 теңгеге өскен.
NUR.KZ сайтындағы айырбас бағамы туралы мәліметке сүйенсек, қазақстандық екінші деңгейлі банктерде доллардың теңгеге шаққандағы бағасы мынадай:
- Алматыда: 1 долларды сатып алу бағасы – 458,5-462 теңге, сатылым бағасы – 463,5-464,5 теңге;
- Астанада: сатып алу бағасы – 458,5-460 теңге, сатылым бағасы – 464-464,5 теңге.
Kurs.kz дерегі бойынша, қазақстандық айырбастау бөлімдерінде доллар бағамы мынадай:
- Алматыда: сатып алу бағасы – 460,9-461,3 теңге, сатылым бағасы – 463,3-463,5 теңге;
- Астанада: сатып алу бағасы – 457-461 теңге, сатылым бағасы – 465-466 теңге.
Бұл ретте кеше, 23 қарашада доллар бағамы шамамен 4 теңгеге күрт өскенін еске салайық.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/nurfin/2047513-dollar-bagamy-demalys-kunderi-qarsanynda-samamen-2-tengege-zogarylagan/