Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Елімізде жаңа жылдан бастап кейбір әлеуметтік төлем өседі

Жарияланған күні:

Читать на русском
"Азаматтарға арналған үкімет" порталы
"Азаматтарға арналған үкімет" порталы. Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Премьер-министр мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан (МӘСҚ) төленетін кейбір әлеуметтік төлем мөлшерін 7 пайызға өсіру туралы қаулыға қол қойды. Тиісті қаулы 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді. Толығырақ KAZ.NUR.KZ материалынан оқыңыздар.

Ресми түрде жұмысқа орналасқан қазақстандықтар үшін жұмыс берушілер түрлі жарна мен аударым жасайды, соның ішінде Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына (МӘСҚ) да аударымдар жасауға тиіс.

Азаматтар бұл қордан құқығы болған жағдайда әлеуметтік төлемдер ала алады. Мысалы, еңбек ету қабілетінен айырылған немесе отбасы асыраушысынан айырылған жағдайда ресми түрде еңбек шартымен жұмыс істеген Қазақстан азаматына жәрдемақы төленеді.

Бұған дейін Еңбек министрлігі осы екі себеп бойынша берілетін әлеуметтік төлемдердің мөлшерін арттыруды ұсынған болатын. Қазір бұл ұсыныс мақұлданды.

Премьер-министр Әлихан Смайылов мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан асыраушысынан айырылуына әрі еңбек ету қабілетінен айырылуына байланысты берілетін әлеуметтік төлемдер мөлшерін тағайындалып қойған қазіргі төлемдерден 7 пайызға ұлғайту туралы қаулыға қол қойды.

Аталған қаулы Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкі сайтында жарияланған, ол 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енеді.

Кейінгі мәліметтер бойынша, асыраушысынан айырылуына әрі еңбек ету қабілетінен айырылуына байланысты МӘСҚ-тен берілетін төлемдердің орташа мөлшері 36 800 теңге және 35 671 теңге. Айта кетейік, бұл әлеуметтік төлемдер осыған ұқсас өзге де себеппен азаматтарға берілуге тиіс қосымша мемлекеттік жәрдемақылар деп саналады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/nurfin/2047519-elimizde-zana-zyldan-bastap-keibir-aleumettik-tolem-osedi/