Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ұлттық банк басшысы "Отбасы банкіне" қатысты резонанс туралы пікір білдірді

Опубликовано:

Тиын салынған жинақ сандықша және қағаз ақша
Тиын салынған жинақ сандықша және қағаз ақша. Фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Ұлттық банк басшысы брифингте "Отбасы банкіне" қатысты резонанс неден туындағанын айтты. Ол "Отбасы банк" банк болудан қалады деген ақпарат алдымен неліктен пайда болып, кейін жоққа шығарылғанын түсіндірді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменовтің айтуынша, "Отбасы банкіне" қатысты мәселе жоқ жерден туындаған, яғни үкімет позициясын өзгерткендіктен, банк жаңа мәртебесі туралы әр түрлі ақпарат пайда болған еді.

"Неліктен "Отбасы банкін" Ұлттық банк пен Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің (ҚНРДА) құзырынан шығарып, алып тастау ұсынылған еді... себебі үкімет пен Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі "Отбасы банкі" құрылыс жұмыстарымен өзі айналыссын деген ұсыныс жасалған болатын: тек елдегі кезекте тұрғандардың тізімін дайындап қоймай, келісім-шарттарға да отырып, тапсырыс беруші де болу дегендей және т.б.

Сондықтан бұл оның қаржы институты болу мүмкіндігін толық жойған болатын, өйткені, өздеріңізге белгілі, екінші деңгейлі банктер өзге қызметтермен айналыса алмайды. Яғни (мысалы – ред. ескертпесі) Халық банкі құрылыс жұмыстарымен немесе т.б. кәсіппен айналыса алмайды.

Сондықтан үкімет "Отбасы банкі" тұрғын үй секторымен тікелей айналысса қайтеді деп пайымдаған, сол кезде қаржы реттеушілері мұндай жағдайда ол банк болып саналмайтын болады және қадағаланатын субъект қатарына жатпайтын болады деп түсіндірген", – деді Сүлейменов.

Алайда оның айтуынша, кейін үкімет ұстанымын өзгерткен. Яғни үкімет өкілдері "Отбасы банкінің" функционалдығын сақтап қалуды ұйғарды. Бірақ сонымен қатар оған жаңа функция қосуды, дәлірек айтсақ, бүкіл ел бойынша кезекте тұрғандардың тізілімін жүргізу функциясын енгізу шешімі қабылданған.

"Ол қадағаланатын ұйым болып қала береді, бұл маңызды банк, әсіресе ипотекалық несие нарығында жүйелі маңызы бар. Кейін құдай сақтасын, өзі үшін де қауіп тудыратын, қаржы жүйесіне не салымшылар мен қарыз алушыларға қиындық тудыратын жағдайға тап болмас үшін біз оны бақылап, әр ісін қадағалағымыз келеді", – деп қосты Сүлейменов.

Еске салайық, бұған дейін "Отбасы банк" тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесін іске асыратын екінші деңгейлі банк болып қала беретіні туралы жазған едік.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/nurfin/2047532-ulttyq-bank-bassysy-otbasy-bankine-qatysty-rezonans-turaly-pikir-bildirdi/

pixel