Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Шетелдік көлік сатып аларда алаяқтарға қалай алданып қалмау керек

Опубликовано:

Көлік
Көлік. Фото: pixabay.com

Қазіргі таңда шетелдік көліктерге деген сұраныс өте жоғары. Автонарықта он жылдық тәжірибесі бар Шыңғыс Құдайбердиев шетелден көлік алдыру жолында алаяқтардың торына түспеу үшін не істеу керектігін айтты, деп хабарлайды uaqyt.info сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

"Соңғы жылдары шетелден келетін көліктердің ағыны артты. Соған сәйкес автоалаяқтардың да саны көбейіп жатыр. Олар көбіне әлеуметтік желі арқылы, сайттар арқылы жұмыс істейді. Әуелі адамның көзін алдап, кейін қалтасына қол салады. Көліктің VIN кодын ауыстырып, сататындар да жетерлік.

Сондықтан көлікті сатып алмас бұрын VIN белгісін мұқият тексеру қажет. Оларға алданбас үшін, ең алдымен компанияны жіті тексеріп алған абзал. Қазақстанда қанша филиалы бар? Өзге мемлекеттермен байланысы бар ма? Тіпті әлеуметтік желідегі пікірлерді де ерінбей оқып шығыңыз", - деді "Kazak Auto Logistics" компаниясының директоры Шыңғыс Құдайбердиев.

Сонымен қатар маман алаяқтарға жем болмас үшін компанияның ұсынатын қызметін мән беру керектігін айтты.

"Азаматтарға айтарым, сырттан көлік алдырарда сенімді компанияның ғана қызметіне жүгініңіз. Әйтпесе, алаяқтарға жем болуыңыз мүмкін.

Ал егер сіз таңдаған компания "Тек көлікті әкеліп береміз. Қалған шаруаны өзің реттейсің" десе, бірден бас тартыңыз", - деді Шыңғыс Құдайбердиев.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/nurfin/2047584-seteldik-kolik-satyp-alarda-alayaqtarga-qalai-aldanyp-qalmau-kerek/

pixel