Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстанда теңгемен сақталған кей депозиттер бойынша мөлшерлеме төмендейді

Опубликовано:

Банкадағы ақша
Банкадағы ақша. Көрнекі сурет: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Желтоқсанда сұранысқа ие депозит түрі – теңгемен сақталған депозит бойынша ұсынылатын шекті мөлшерлеме 0,2 пайыздық пунктке төмендейді. Толығырақ KAZ.NUR.KZ материалынан оқыңыз.

Қарашада Ұлттық банк базалық мөлшерлемені 16 пайыздан 15,75 пайызға дейін төмендету туралы шешім қабылдады. Биыл бұл банк секторында үшінші рет байқалған төмендеу. Мөлшерлеме төмендеуі Қазақстанның банк секторына, оның ішінде депозит нарығына әсер етпей қоймайтыны сөзсіз.

Мәселен, Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры да (ҚДКҚ) Ұлттық банк сияқты жеке тұлғалардың теңгемен сақталған кейбір депозиттері бойынша ұсынылған шекті пайыздық мөлшерлемесін төмендетіп тастаған.

Алайда аталған өзгерістер тек қазақстандықтар жиі қолданатын мерзімсіз депозиттерге ғана әсер етті. Мұндай депозиттерді шектеусіз толықтыра беруге болады, сондай-ақ ақша шешілсе, сыйақы мөлшері кеміп қалу қаупі жоқ.

Бұл ретте қарашаның соңына дейін шекті мөлшерлеме 15,5 пайыз болса, желтоқсаннан бастап бұл көрсеткіш 0,2 пайыздық пунктке, яғни 15,3 пайызға дейін төмендейді.

Ал депозиттердің басқа түрлері бойынша мөлшерлемелер өзгеріске ұшыраған жоқ:

  • мерзімді депозиттердегі мөлшерлеме – 10,5 пайыздан 17,3 пайызға дейін;
  • жинақ ақша депозитіндегі мөлшерлеме – 13,5 пайыздан 18,3 пайызға дейін.

Бұл депозит түрлерінің мерзімсіз депозиттерден айырмашылығы қойылатын талаптарында. Мысалы, мерзімді депозитте не жинақ ақша депозитінде оны ашу мерзімі, уақытылы толтырып отыру мүмкіндігінің болуы-болмауы сынды талаптары бар. Сондықтан мұндай депозит түрлерінде шекті сыйақы мөлшерлемесі салынған қаражат мөлшеріне қарай жоғары не төмен болуы ықтимал.

Айта кетейік, биыл мерзімсіз депозиттер бойынша ұсынылатын пайыздық мөлшерлемелер төмендеген болатын.

Дегенмен мамандардың пайымдауынша, депозит мөлшерлемесі болжам бойынша күрт төмендемеуге тиіс. Біріншіден, ҚДКҚ тарапынан шекті мөлшерлеме көрсеткіші әзірге тек ұсыныс күйінде қалып тұр. Екіншіден, банктер іске қосылған депозиттер бойынша пайыздарды төмендете алмайды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/nurfin/2047997-qazaqstanda-tengemen-saqtalgan-kei-depozitter-boiynsa-molserleme-tomendeidi/

pixel