Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Екінші жалақы алуға бола ма? Инвестициялауға арналған идеялар

Опубликовано:

Монеталар жинағы
Фото: depositphotos.com

Home Credit Bank мамандары өз өнімдерінің мысалында клиент өз қаражатын көбейте алуы үшін қандай құралдарды таңдай алатынын айтып берді.

Қазақстандықтар ерте ме, кеш пе, өз қаражатын қайда салу керегі туралы мәселемен бетпе-бет келеді. Әдеті бойынша, таңдау депозитке, жылжымайтын мүлікке және қор нарығына түсіп жатады. Бүгінгі кейіпкеріміз Берік Ахметов те екінші жалақы алып отыру үшін қай құралға жүгіну керегін таңдауы керек болды.

Сонымен, Берік мұра алды, отбасылық жинақтарын есепке алғанда шотында 50 млн теңге бар. Бұл – қыруар қаражат, оны қайда құю керегі туралы мәселеге асқан жауапкершілікпен қараған абзал.

Беріктің ойына бірінші келгені – жаңа тұрғын үй кешенінен баспана сатып алу. Ол хабарландыру сайтттарынан ұсыныстарды қарап, 40 миллион теңгеге пәтерді қарастырып қойды. Жылжымайтын мүлік қара сылақ деңгейінде болғандықтан, жөндеу жұмыстарына, коммуникациясына, жиһаз бен техникаға тағы да 10 млн теңге қажет. Кейіпкеріміз сайтты қарай келе, бұл тұрғын үй кешенінде пәтерді жалға алу құны айына 400 мың теңге екенін аңғарды. Осылайша, бір жыл ішінде ол 4 800 000 теңге алады. "Тәп-тәуір ақша" деген ойға келді. Алайда ол жалға алатындарды іздеуге, сондай-ақ пәтердің күтіміне жұмсалатын қаражатты да ескеруге тиіс.

Берік қарастырған екінші нұсқа: банктік депозит немесе депозит сертификаты.

Жарты жылға Home Credit Bank-те жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесі (ЖТСМ) 17,8% болатын және күнделікті капитализациясы бар депозит ашса, осы алты айдың ішінде ол 4,3 млн теңге табысқа кенеле алады, ал ақшаны жылдық жинақтаушы депозитке салса, сома ЖТСМ 16,9% жағдайында 8,5 млн теңге шамасында болады.

Банк ұсынатын тағы бір өнім – депозит сертификаты. Ол екі жылдық жинақ салымымен салыстырғанда жоғары мөлшерлемесімен ерекшеленеді, оның жылдық табыстылығы – 18,5%. Берік депозит сертификатында қаражатын бір жыл сақтаса сыйақы түрінде 9 250 000 теңге алады. Сертификаттың тағы бір ұтымды тұсы – шотқа күнделікті сыйақы түсіп отырады. Беріктің шотына күн сайын 25 000 теңге түсіп отырады. Егер ол бұл ақшаны ЖТСМ 15,5% мөлшерлемесімен "Қарапайым" депозитіне салса, бір жыл ішінде ол екі өнімнен сыйақы түрінде шамамен 10 млн теңге алады. Бүгінгі таңда банкте жаңа салымшыларға Welcome Bonus науқаны қарастырылған, ол арқылы депозит сертификатын ашу кезінде 100 000 бонусқа дейін беріледі. Айтпақшы, есіңізде болсын, ҚДКБҚ банктерге желтоқсаннан бастап мерзімсіз депозиттер бойынша сыйақының ең жоғары мөлшерлемесін төмендетуді ұсынған.

Үшінші нұсқа – ақшаны акцияларға немесе құнды қағаздарға салу. Ол үшін Берік қор нарығының негіздерін игеруі керек, өйткені биржадағы сауданың айтарлықтай тәуекелдері бар. Сондықтан жоғалған ақша көңіл-күйді түсірмесін десеңіз, биржадағы алғашқы қадамдарды аз мөлшерде жасаған дұрыс. Акциялар сәйкесінше қымбаттауы да, арзандауы да мүмкін және оларға салынған инвестициялар өсуі немесе төмендеуі мүмкін. Тағы бір нұсқа облигацияларды сатып алу болуы мүмкін, мысалы, шетел валютасында. Мұнда да бұл құралдың баламасы Home Credit Bank-тегі доллардағы дисконттық облигациялар болуы мүмкін, олардың жылдық мөлшерлемесі 7%-ға дейін. 1000 доллардан бастауға болады, бұл – банк облигацияларының номиналды құны.

Дисконт облигациялары деген не? Бұл дисконт немесе қарапайым тілмен айтқанда, номиналды құннан жеңілдік болатын бағалы қағаз, яғни мұндай облигациялар номиналдан төмен бағамен сатылады. Инвестор облигацияны номиналды құнынан төмен сатып алады, ал өтеу күнінде ол барлық номиналды алады — сатып алу бағасы мен өтеу арасындағы айырмашылық оның кірісі болады.

Берік 50 млн теңгеге 112 облигация сатып ала алады. Шамалап есептеп көрсек, ол осы облигацияларды сатып алуға 105 819 доллар жұмсайды, ал облигациялар төленген күні ол 112 000 доллар алады. Яғни банк облигацияларында Берік 6 181 доллар табысқа кенеледі. Демек мұндай қағаздар валютада ақша жинағысы келетін клиенттерге өте пайдалы. Бұл ретте дисконттық облигациялар анағұрлым тұрақты, өйткені жазып отырғанымыздай, акциялардың бағасы төмендеуі мүмкін және банктің облигацияларының құны бүкіл мерзім ішінде өзгермейді.

Осылайша Берік өзінің жинақтары үшін ең қолайлы нұсқасын таңдай алады – теңгемен сақтағысы келсе, оған депозиттік сертификатқа, ал доллармен сақтағысы келсе – дисконттық облигацияларға салу тиімдірек. Инвестициялау құралдарын таңдағанда, ықтимал тәуекелдерді мұқият қарастырып, екінші жалақыны алу үшін ықтимал кірісті бағалап алған жөн.

*17.08.2022 жылы Қазақстан Республикасының қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі берген №1.2.36/40 лицензиясы

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/nurfin/2048008-ekinsi-zalaqy-aluga-bola-ma-investiciyalauga-arnalgan-ideyalar/

pixel