Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Елімізде қарызы өтелмеген жүргізушінің жеке көлігі тәркіленуі мүмкін

Жарияланған күні:

Читать на русском
Көлікті тәркілеп жатқан эвакуатор
Көлікті тәркілеп жатқан эвакуатор. Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Көлік салығын төлемеген жүргізушілердің жеке көлігі тәркіленуі мүмкін. Басқа қандай жағдайда жеке көлік тәркіленуі ықтимал? Толығырақ KAZ.NUR.KZ материалынан оқыңыз.

Көлік салығы – Қазақстандағы көлік құралы иесінің мемлекеттік бюджетке жыл сайын төленетін міндетті төлемдердің бірі.

Бұл салық түрінен жекелеген санаттағы тұлғалар ғана босатылады. Ал темір тұлпар иелері міндеттемені елемесе, мемлекеттік органдар оларды айыппұл салу, мүлікті тәркілеу сынды жазаға кесуі ықтимал.

Маңғыстау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті ақпараты бойынша, полиция қызметкерлері мен сот өкімін орындаушылар салық төлеуден жалтарған құқық бұзушыларды ұстау мақсатында рейд жүргізуі мүмкін.

Қандай жағдайда көлік тәркіленеді

Қазақстандықтар көлік салығын төлемеген жағдайда төлем жасау мерзімінен бастап көлік иесі берешек болған сома үстіне өсімпұл қосыла бастайды. Бұл бірінші қолданылатын шара.

Айта кетейік, бұл салық келер жылы 1 сәуірге дейін төленуге тиіс. Яғни 2022 жылғы төлемді 2023 жылдың 1 сәуіріне дейін төлеу керек, ал биылғы салық сомасын 2024 жылдың 1 сәуіріне дейін төлеу қажет.

Салықты өтеу мерзімі кештіріліп, өсімпұлдар есептеле бастағаннан кейін салық органы борышкерге көлік салығын төлемеу дерегі бойынша шара қолдану мақсатында сотқа талап арыз жаза алады. Бұл жағдайда сот шешімі бойынша мынадай ауыр шаралар қолданылуы мүмкін:

  • елден шығуға шектеу қойылады;
  • салықты төлемегені үшін шоттар бұғатталады;
  • автокөлік тәркіленіп, айыптұраққа жеткізіледі.

Сондай-ақ борышкерлер жеке сот орындаушыларының (ЖСО) қызметіне де ақы төлеуге тиіс болуы мүмкін, бұл да салықты өтеуді қиындатуы әрі борышкерді шығынға ұшыратуы ықтимал.

"Ақтау қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы салық берешегі 1 айлық есептік көрсеткіштен (АЕК) асатын автокөлік иелерін мәжбүрлі өндіріп алу шараларын күтпей-ақ, салық берешегін толығымен өтеуге шақырады, бұл ЖСО қызметіне шығындалмай, ақшаны үнемдеуге мүмкіндік береді", – деп атап өтті ведомство өкілдері.

Естеріңізге салайық, бұған дейін елімізде көлік салығын тек халықтың әлеуметтік осал топтары емес, кейбір мамандар да төлемеуге құқылы екенін жазған едік.

Сондай-ақ Мемлекеттік кірістер комитеті өкілдері өмірден өткен адамның атында болған көліктің салығын кім төлейтінін айтқан болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/nurfin/2048125-elimizde-qaryzy-otelmegen-zurgizusinin-zeke-koligi-tarkilenui-mumkin/