Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстандықтар депозиттегі ақшасын қай валютада сақтауды жөн көреді

Опубликовано:

Әр елдің валютасы
Әр елдің валютасы. Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі төрағасының орынбасары Олжас Қизатов қазақстандықтар депозиттерін көбіне қай валютада аша бастағанын айтты, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Олжас Қизатовқа қазақстандықтар банктерде ақшаны қай валютада сақтағанды жөн көреді деген сауал қойылды.

"Біз тек заңды тұлғалардың емес, жеке тұлғалардың да депозиттік базасы ұлғайғанын байқап отырмыз. Бұл ретте айта кетейін, бұл көрсеткіште соңғы екі-үш жылда оң динамика байқалған: қазір адамдар көбіне депозитті ұлттық валютада ашып жатқанын көріп отырмыз", – деп жауап берді Олжас Қизатов.

Бұл ретте ол осыдан екі-үш жыл бұрын ғана халық депозиттің басым бөлігін шетел валютасында ашқанын еске салды.

"Қазір халықтың банктердегі депозит мөлшерінің өскені байқалады, сонымен қатар ұлттық валютадағы депозиттер саны да өсуде. Біз мұны көріп отырмыз. Бұл үрдіс екі-үш жыл бойы байқалған кезде, халықтың банк жүйесіне деген белгілі бір деңгейдегі сенімі қайта оралып жатыр деп айтуға болады", – деп түйіндеді Қизатов.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/nurfin/2048703-qazaqstandyqtar-depozitttegi-aqsasyn-qai-valyutada-saqtaudy-zon-koredi/

pixel