Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қаржы тұрақтылығы заңы: оны кім және қалай реттейді

Опубликовано:

Экономикалық өсу
Иллюстрациялық фото: depositphotos.com

Nur.kz Ұлттық банктің сарапшыларымен бірлесіп, күрделі экономикалық терминдерді «қарапайым тілде» түсіндіруді жалғастырып жатыр.

Қаржы тұрақтылығы дегеніміз не екенін білесіз бе?

Терминді қысқаша түсіндіретін болсақ, бұл – мемлекеттің қаржы жүйесінің сыртқы және ішкі оқыс жағдайларда (шоктарда) тұрақты болып қалуы, сондай-ақ үздіксіз және тиімді жұмыс істеуі. Ал қарапайым сөзбен айтқанда, бұл – елдің шоттарды, несиені төлеуге, жинағының болуына және қарызға батпауына қажет жеткілікті ресурс пен кірістің бар болуы. Кәдімгі отбасылық бюджет сияқты, тек ауқымы кең.

Басқа елдердегі сияқты, Қазақстандағы қаржы тұрақтылығына Орталық банк жауапты.

Біздің келесі сарапшымыз – ҚР Ұлттық банкінің Қаржылық тұрақтылық және зерттеулер департаменті директорының орынбасары Жандос Ыбраев қаржы тұрақтылығы үздіксіз жұмыс істеуге тиіс үлкен бір жүйе екеніне сенімді. Сондай-ақ бұл үздіксіз жұмыстың жемісті болуы жіті қадағалауға және жауапты мекемелер мен қаржы нарығының бірлесе жұмыс істеуіне байланысты.

Қаржы тұрақтылығын қалай қадағалайтыны, сын-қатерді қалай анықтап, баға беретіні жайлы, ең бастысы, нәтижесінде бұл ақпаратты қалай пайдаланатыны туралы біздің кезекті бейнежазбамыздан біле аласыздар. Қаржылық сауатыңызды бізбен бірге ашыңыз!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/nurfin/2049047-qarzy-turaqtylygy-zany-ony-kim-zane-qalai-retteidi/

pixel