Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Келер жылы қазақстандықтардың зейнетақысы қалай өседі

Опубликовано:

Көрнекі
Көрнекі фото: pexels.com

Қазақстан Республикасының "2024-2026 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы" заңына сәйкес, жасына байланысты төленетін зейнетақы мөлшері 9 пайызға өседі. Ал базалық зейнетақы мөлшерін арттыру екі кезеңнен тұрады. Келер жылдары зейнетақы мөлшері қандай болады? Толығырақ KAZ.NUR.KZ материалынан оқыңыз.

Кеше, 6 желтоқсанда президент Қасым-Жомарт Тоқаев "2024-2026 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы" заңға қол қойғаны хабарланған болатын. Оған сәйкес, қазақстандық зейнеткерлер 2024 жылдан бастап алатын төлемдердің жаңа мөлшері де белгіленген.

Еске салайық, еліміздің зейнет жасына толған барлық азаматы базалық зейнетақы алуға құқылы, ал 1998 жылға дейін еңбек өтілі бар адамдар ортақ зейнетақы төлемдерін ала алады. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының (БЖЗҚ) салымшылары да өз жинағынан төлемдерді рәсімдей алады.

Жаңа заң күшіне енгеннен кейін үш компоненттің де мөлшері артуға тиіс.

Базалық зейнетақы мөлшері қаншалықты өседі

Қазақстанда базалық әлеуметтік төлемдердің сомасын есептеу үшін ең төменгі күнкөріс деңгейімен байланысты базалық зейнетақы мөлшерін кезең-кезеңімен артып жатыр. Мәселен, 2023 жылдан бастап оның ең төменгі мөлшері ең төменгі күнкөріс деңгейінен 60 пайыз үлесіне тең болса, 2024 жылдан бастап бұл көрсеткіш 65 пайыз болады.

Ал ең жоғары мөлшеріне келсек, 2023 жылдың соңына қарай ол ең төменгі күнкөріс деңгейінің 100 пайызын құраса, 2024 жылдан бастап 105 пайызға дейін көтеріледі.

Сондай-ақ келер жылы ең төменгі күнкөріс деңгейі 7 пайызға, яғни 40 567 теңгеден 43 407 теңгеге дейін өседі. Осылайша екі кезеңде базалық зейнетақының ең төменгі мөлшері 24 341 теңгеден 28 215 теңгеге, ал ең жоғары мөлшері – 45 578 теңгеге дейін өседі.

Зейнеткерге берілетін зейнетақының нақты сомасы оның зейнетақы жүйесіне қатысу мерзіміне, яғни зейнетақы жарналары бойынша төлемді қанша жыл төлегеніне байланысты. Ең төменгі базалық зейнетақы 10 жыл және одан төмен еңбек өтілі үшін тағайындалады.

Кейін бұл көрсеткіш жыл сайын жоғарғы шекке жеткенге дейін 2 пайызға өсе береді. Яғни ең жоғары базалық зейнетақы – 30 жылдық және одан да көп еңбек өтіліне тең.

Ортақ зейнетақы мөлшері қаншаға артады

Республикалық бюджет туралы қабылданған жаңа заңда 2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап жасына және еңбек өтіліне байланысты зейнетақы төлемдері 9 пайызға өсетіні белгіленген.

Ортақ зейнетақының ең төменгі мөлшері де жоғарыда аталған сомаға, яғни 53 076 теңгеден 57 853 теңгеге дейін өседі.

Айта кетейік, ортақ зейнетақы толық мөлшерде тек 1998 жылға дейінгі еңбек өтілі бар әйелдер (20 жыл) мен ерлерге (25 жыл) тағайындалады. Егер ол аз болса, ең төменгі зейнетақы мөлшері де еңбек өтіліне байланысты азаяды.

БЖЗҚ-дан түсетін төлемдер мөлшері жоғарылай ма

Сондай-ақ зейнетақы жинағы есебінен тағайындалатын зейнетақы төлемдері жыл сайын 5 пайызға артып отыруға тиіс.

Сонда төлемнің ең төменгі мөлшері – ең төменгі күнкөріс деңгейінің 70 пайызына тең болады. Сондықтан 2024 жылы ол да ең төменгі күнкөріс деңгейімен қатар 7 пайызға – 28 396,9 теңгеден 30 384,9 теңгеге дейін өседі.

Ал зейнетке жуырда шыққан қазақстандықтар БЖЗҚ-да жинаған ең төменгі зейнетақы саны 12-ден аз болса, онда олар барлық ақшасын алып, төлем жасамауға құқылы. 2024 жылы бұл шектің көрсеткіші 9 пайызға – 636 912 теңгеден 694 236 теңгеге дейін артады.

Еске салайық, зейнетақы аннуитеті шарты бойынша төленетін зейнетақы мөлшері де ең төменгі күнкөріс деңгейінің 70 пайызына тең. Демек оның да мөлшері 2024 жылы өсуі керек.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/nurfin/2049359-keler-zyly-qazaqstandyqtardyn-zeinetaqysy-qalai-osedi/

pixel