Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ұлттық банк: Жеңілдікпен берілетін автонесие бағдарламасы өз мақсатын орындай алмады

Опубликовано:

Көлік тұрағы
Көлік тұрағы. Көрнекі фото: pixabay.com

Ұлттық банк өкілдері жеңілдікпен берілетін автонесиелеу бағдарламасы өзінің негізгі міндеттерін орындай алмады деп санайды. Сарапшылардың қорытындысын KAZ.NUR.KZ материалынан оқыңыз.

Айта кетейік, бағдарламаның мақсаты автопаркті жаңарту және экологияны жақсарту еді.

2015 жылдан бастап қазақстандықтар бірнеше бағдарламаны қолданып келді, оның аясында жеңілдік шарттары бар несиеге автокөлік сатып алуға болатын.

Алайда ҚР Ұлттық банкінің сарапшылары "ҚР ҰБ экономикалық шолуының" үшінші басылымында бұл бағдарламалардың тиімділігі жоғары болды деу қате екенін айтқан.

Жеңілдікпен автонесиелеу мынадай бірнеше міндеттерді шешуге тиіс еді: отандық автоөнеркәсіпті ынталандыру, халықты қазақстандық өндірістің жаңа автомобильдерімен қамтамасыз ету және елдегі көліктерді жаңарту, бұл өз кезегінде елдегі экологиялық жағдайды жақсартуға көмектесуге тиіс еді.

"Қазіргі уақытта бағдарламалар аясында қойылған міндеттерді шешудің табыстылығы біржақты емес, бұл Қазақстанда қолданылатын жеңілдікпен автонесиелеу бағдарламалары жоғары деңгейде тиімді болды деп айтуға мүмкіндік бермейді", – деп есептейді Ұлттық банк сарапшылары.

Себебі жеңілдікпен автонесиелеу бағдарламалары іске асқан барлық кезең бойында 7 жылдан асқан машиналардың үлесі іс жүзінде өзгермеген – 2015 жылы 85 пайыз болса, қазір 84 пайызға тең. Бұл ретте ескі автомобильдердің саны 3,39 млн-нан 3,66 млн-ға дейін өскен. Тиісінше елдің экологиясына жүктеме тек өсіп отырған.

Екіұшты нәтиже несие беру тұрғысынан да байқалған. 2015 жылдан 2022 жылға дейін елде 357 335 жеңіл автокөлік шығарылған. Оның үстіне, сарапшылардың деректеріне сәйкес, олардың шамамен 13 пайызын қазақстандықтар жеңілдетілген несиелеу аясында сатып алған.

Бірақ Ұлттық банктегілер әлемдік тәжірибеде жеңілдікпен автонесиелеу бағдарламаларының тиімділігі дәлелденгенін айтады. Алайда көп жағдайда олар халықтың белгілі бір топтарын қолдауға немесе экологиялық таза көлікке көшуге және атмосфераға ластаушы шығарындыларды азайтуға бағытталған.

Ал Қазақстанда бұл мақсат нақты бекітілмеген – оператор-банкте қаржыландыру болған жағдайда және өтініш берген кезде елдің кез келген азаматы жеңілдікпен автонесие ала алды. Осылайда жеңілдетілген автонесиелеу нарықтағы механизмдердің орнын алмастырып қана қойған.

Сондықтан автомобиль саласын мемлекеттік қолдау шынымен тиімді болуы үшін Ұлттық банк ел өңірлеріндегі автобус паркін жаңартуға жеңілдетілген несие беру бағдарламасын қайта бағдарлау туралы шешімді дұрыс деп санап отыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/nurfin/2049377-ulttyq-bank-zenildikpen-beriletin-avtonesie-bagdarlamasy-oz-maqsatyn-oryndai-almady/

pixel