Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

БҚО-да қаржы сауаты бойынша "Қарызсыз қоғам" жобасы аясында 9403 адам оқытылды

Опубликовано:

«Қарызсыз қоғам» – қарызсыз болашақ
Фото: БҚО әкімдігі

Amanat партиясының Halyk Bank-пен бірлесіп жасаған "Қарызсыз қоғам" жобасы әлемдік проблеманы өзімізден бастап шешуді мақсат етті.

Тұрғындарды қаржылық сауаттылыққа шақыратын аталмыш жоба мамыр айының 2-сінен басталып, 30 қарашаға дейін жалғасты. Бір топтың оқу мерзімі 5 күнді құраса, топ құрамындағы әр 20-100 адам ө қаржысын орынды пайдаланудың қыр-сырын меңгерді. Оқу бағдарламасы несие бойынша қарыздары бар және борышкерлер тізіміндегі адамдар, дәл қазіргі уақытта несиесі бар, бірақ мерзімі өтіп кеткен берешектері жоқ адамдар және несие алып, мемлекеттік бағдарламалар бойынша қаржыландырылатын ісін жаңа бастаған кәсіпкерлерге арналды.

Батыс Қазақстан облысы бойынша барлық ауданда биылғы 30 қарашаға дейін 8621 адамды оқыту жоспарланып, аталған мерзім ішінде 9403 адам оқудан өтті. Бұл ретте "Ұлы дала" ауыл бизнесін дамыту ассоциациясы республикалық қоғамдық бірлестігі тарапынан облысқа 9 оқытушы бекітілді.

Оқудан өткен азаматтар:

  1. Ақжайық – 530
  2. Байтерек – 625
  3. Бөкейорда – 350
  4. Бөрлі – 630
  5. Жаңақала – 476
  6. Жәнібек – 222
  7. Қаратөбе – 421
  8. Казталов – 648
  9. Сырым – 410
  10. Тасқала – 450
  11. Теректі – 653
  12. Шыңғырлау – 387
  13. Орал қаласы – 3601

Жобаға қатысушылар қаржылық мәселелердің қалай туындайтынын, несиелік қарыздар санын азайтудың жолдарын, алаяқтық әрекеттерді қалай анықтауға болатынын үйренді. Ал ісін жаңадан бастаған кәсіпкерлер компания бюджетін қалыптастыру тәртібі, салық есеп-қисабын ұсынуды және мемлекеттік қолдау бағдарламалары бойынша қаржыландыру шарттары туралы құнды ақпарат алды.

Аталған оқу келер жылдары да өз жалғасатын табатын болады. Облыс әкімдігі жанынан арнайы жобалық кеңсе құрылып, арнайы жергілікті атқарушы органдармен бірлесе отырып, келесі жылға жоспарлар жасақталуда.

Бұл ақпараттар Amanat партиясы БҚОФ саяси жұмыс бөлімінің консультанты – Аткешов Нұржан Ғалымжанұлының арнайы жүргізген тікелей эфирінде баяндалды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/nurfin/2050469-bqo-da-qarzy-sauaty-boiynsa-qaryzsyz-qogam-zobasy-ayasynda-9403-adam-oqytyldy/

pixel