Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Балалар ұлттық қордан қанша қаражат алатыны белгілі болды

Опубликовано:

Балаларды жетектеп бара жатқан әйел
Балаларды жетектеп бара жатқан әйел. Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Қаржы министрі үкіметтегі брифингте "Ұлттық қор – балаларға" жобасы аясында балалар қанша қаражат алатынын айтты, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Журналистер Қаржы министрлігінің басшысынан балалардың ұлттық қордан алатын сомасын атауды сұраған.

"Бұған дейін есептеулер болған, шамамен алынған сома – жүйеге туғаннан бастап 18 жасқа дейінгі бала 3 мыңнан 4 мың долларға дейін алады", - деді Ерұлан Жамаубаев.

"Ұлттық қор – балаларға" жобасы

Былтыр қыркүйек айында президент Қасым-Жомарт Тоқаев балаларға инвестициялық табыстың жартысын аударуды ұсынған. Кейінірек мемлекет басшысының бұрынғы баспасөз хатшысы Руслан Желдібай осы норма күшіне енген кезде (2024 жыл) 18 жасқа толмаған барлық баланың атына арнайы шоттар ашылатынын түсіндірді.

Аударымдар олар кәмелетке толғанға дейін жүргізілетіні атап өтілді. Сондай-ақ, ұлттық қордың қаражаты инфляциядан қорғалатыны, ал ата-аналар бұл ақшаны пайдалана алмайтыны айтылды. "Ұлттық қор – балаларға" бағдарламасы аясында ақша аударылатын шоттардың операторы Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры (БЖЗҚ) болады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/nurfin/2050493-balalar-ulttyq-qordan-qansa-qarazat-alatyny-belgili-boldy/

pixel