Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Бүгінде Қазақстанда кімнің мобильді аударымдары бақылауда екені белгілі болды

Опубликовано:

Телефон ұстаған ер адам
Телефон ұстаған ер адам. Көрнекі фото: pixabay.com

Биыл Мемлекеттік кірістер комитеті банктерден мемлекеттік қызметкерлер арасындағы кәсіпкерлердің, оларға теңестірілген тұлғалар мен жұбайларының мобильді аударымдары туралы ақпаратты ала бастады, деп хабарлайды Мемлекеттік кірістер комитетіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Ведомство баспасөз қызметі ақпараты бойынша, биыл 14 желтоқсаннан бастап Мемлекеттік кірістер комитетіне банктерден банктік шоттарына кәсіпкерлік қызметке байланысты ақша түсетін азаматтар туралы мәліметтер түсе бастады.

"Кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру белгілерін анықтау критерийлерінің бірі - ай сайын үш ай қатарынан жеке тұлғаның банктік шотына әр түрлі тұлғадан 100-ден астам аударымның келуі", – деді мамандар.

Ведомство өкілдерінің сөзіне сенсек, МКК-ға ақпарат банктерден кезең-кезеңмен беріледі:

  • 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап – мемлекеттік қызметшілер, оларға теңестірілген адамдар және олардың жұбайлары бойынша (2022 жылдың қорытындысы бойынша);
  • 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап – мемлекеттік мекемелердің, квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметкерлері және олардың жұбайлары бойынша (2023 жылдың қорытындысы бойынша);
  • 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап – дара кәсіпкерлер, заңды тұлғалардың басшылары және олардың жұбайлары бойынша (2024 жылдың қорытындысы бойынша);
  • 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап – халықтың қалған бөлігі бойынша (2025 жылдың қорытындысы бойынша).

Бүгінде тек мемлекеттік қызметшілер, оларға теңестірілген адамдар және олардың жұбайларына қатысты ақпарат алынған.

Ведомствода бақылау шаралары адал салық төлеушілерге әсер етпейтінін әрі жасырын кірістер мен тіркелмеген кәсіпкерлерді анықтауға бағытталғанын айтты.

"Бұл ретте жеке тұлғалар өздерінің жеке мақсаттары үшін мобильді аударымдар жасап, қабылдай алады (туыстарына, достарына аударымдар, ата-аналар мен балаларға көмек, сондай-ақ басқа да өмірлік жағдайлар бойынша)", – деп атап өтті ведомство баспасөз қызметі өкілдері.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/nurfin/2050802-buginde-qazaqstanda-kimnin-mobildi-audarymdary-baqylauda-ekeni-belgili-boldy/

pixel