Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Өзгеріс бар": сауда министрі Жаңа жыл қарсаңындағы азық-түлік бағасы туралы айтты

Опубликовано:

Супермаркеттегі азық-түлік
Азық-түлік. Көрнекі фото: pixabay.com

Жаңа жыл қарсаңында азық-түлік бағасы өсе ме? Бұл сұраққа бүгін Астанада өткен брифингте сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиев жауап берді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Арман Шаққалиев баға мониторингін Ұлттық статистика бюросы жүргізетінін еске салды.

"Бұл деректерді үнемі қолданамыз. Жаңа мәліметтерге сүйенсек: кейінгі аптада әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының баға индексінде нөлдік өзгеріс. Еске салайын, 19 позиция бар, оларда да еш өзгеріс жоқ.

Жаңажылдық дастарханнның баға индексі бойынша мерекелік қоржынға қатысты өзгерістер болуы мүмкін. Біз шартты түрде 37-ге жуық тауарды алдық. Мәселен, жұмсақ қаптамадағы сүт, мандарин, шампан сияқты кейбір позицияларда белгілі бір өзгерістер бар", - деді ол.

Оның айтуынша, Қазақстан жылдық инфляция кезеңін өткеріп жатыр.

"Егер бізде жылдық инфляция шамамен 10,3 пайыз болса, онда жаңажылдық қоржын - шамамен 10-10,7 пайыз. Иә, өзгеріс бар, біз әрқашан Жаңа жылды тойлаймыз, (кей өнімдер үшін бағаның өсуі - ред.ескертпесі) маусымдық және мереке қарсаңында азық-түлік қымбаттағанын айтамыз. Бірақ индекстер шегінде ғана болады.

Әлеуметтік маңызы бар туарларға келетін келетін болсақ, бізде жыл басынан бері 3,4 пайызға баға өзгерісі болды. Біз жұмыртқаның қымбаттағанын айттық. Ірі өндірушілермен және сауда желілерімен сауда бағасының сақталуын қамтамасыз ету үшін меморандум жасадық және оның нәтижесін көріп отырмыз.

Бүгінде біз ішкі қажеттілікті толық қамтамасыз етеміз. Артық өнім бар, меморандумдағы келісім бойынша аяқ астынан бағаны көтеру болмайтыны айтылған. (...) Баға аспандап кетпеуі үшін осындай шаралар қолға алынған, - деді министр.

Оның айтуынша, Қазақстанда инфляция деңгейінің екі таңбалы мәннен бір таңбалы мәнге дейін төмендеуі тенденциясы көрініс тауып, бағаның тұрақты төмендеу тренді байқалады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/nurfin/2051038-ozgeris-bar-sauda-ministri-zana-zyl-qarsanyndagy-azyq-tulik-bagasy-turaly-aitty/

pixel