Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Елімізде коллекторлардан жасырынған борышкер қандай қиындыққа тап болуы мүмкін

Опубликовано:

Үстелде жатқан ақша, калькулятор мен телефон
Ақша мен калькулятор. Көрнекі фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

Қарызын өтеуді кешіктірген кей қазақстандықтар коллекторлардан жасырынып, делдалдардың қызметін пайдаланады. Бірақ делдалдардың көмегіне жүгінген адамдар, керісінше, өздерінің жағдайын одан бетер нашарлатады. Толығырақ KAZ.NUR.KZ материалынан оқыңыз.

Несие алуға өтініш бермес бұрын адамдар әдетте қаржылық мүмкіндіктеріне баға беріп, бюджетін алдын ала есептейді. Алайда кейде банкте немесе микроқаржы ұйымында (МҚҰ) қарызды өтеу қиындаған кезде қарыз алушы төлем мерзімін кешіктіруі мүмкін, салдарынан азаматтың жүктемесі ауырлап, жағдайы нашарлауы ықтимал.

Соңғы мәліметтер бойынша, Қазақстанда 905 мыңға жуық адам қарызын 90 күннен астам мерзімге кешіктірген, оның ішінде 203 мың қарыз алушы банктерден кредит алған, ал 702 мың адам микроқаржы ұйымдарынан несие алған. Осы орайда 880 мыңнан астам берешегі бар қарыз алушылардың дерегі коллекторлық агенттіктерге берілген, олардың жалпы қарыз сомасы 325 млрд теңгеге жетті.

Қазақстан Ұлттық коллекторлар палатасы (ҰҚКО) төрағасы Назгүл Естеусізованың айтуынша, "көмекші" делдалдар пайда болғаннан бері несие төлеу мерзімін кешіктірген борышкерлер саны артқан, олар ақылы түрде қарыз алушыларға кез келген мәселесін шешуге уәде береді.

"Әлеуметтік желіде делдалдық қызметтің жарнамасында көбіне "кез келген сомаға несие алуға", "проблемалық несие тарихын жоюға" немесе тіпті "биылғы несиелерді толығымен базадан шығаруға" көмек көрсетілетіні туралы айтылады.

Әрине жалған консультанттар, яғни алаяқтар уәдесінде тұрады дегенге сенуге болмайды, қарыз алушыны тек бір нәрсе күтіп тұр ақшасын жоғалтып, одан бетер қаржылық қиындықтың пайда болуы", – деді NPCC басшысы.

Несиесін өтей алмай, коллекторлық агенттікке тап болған алматылық туралы оқиғаны мысалға келтірейік. Ол әлеуметтік желіде осыған ұқсас мәселелерді шешіп жатқан "сарапшы" туралы жарнаманы көріп, несиені толық өтеуге көмектеседі деген оймен 72 мың теңге мөлшерінде жұмыс ақысын берген. Салдарынан сарапшы алаяқ болып шығып, ақшасын ала салысымен, ізін суытқан. Ал мегаполис тұрғыны болса, әлі күнге дейін несиесін өтеп жатыр.

Сондықтан мұндай жағдайды бастан өткермес үшін қарызы бар қазақстандықтар делдалдарға жүгінбей, банктермен немесе коллекторлармен (қарызы соларға өткен болса) мәселені шешкені дұрыс. Бұл сотқа дейінгі реттеу сатысында да мүмкін екенін ескерген жөн.

Әдетте, коллекторлар борышкерге көмектесуге дайын, олар тым болмағанда өтеудің оңтайлы әдісі мен мерзімін анықтап бере алады. Кейбір жағдайларда олар клиент қарызын жабуға ниетті екенін түсінсе, негізгі қарыз бойынша пайыздарды есептен шығаруға дайын болады.

Қарыз өтелмеген жағдайда, агенттік сотқа жүгінуге мәжбүр болады және бұл борышкердің шығынын көбейтеді, өйткені негізгі қарыздан бөлек, ол сот тергеуіне қатысты барлық шығынды өзі төлеуге мәжбүр болады.

"Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қарызды өтеу мәселесін тек қарыз алушының өзі мен банк немесе қарыз алушының берешегі банкпен табысталған коллекторлық агенттік шеше алатынын түсіну керек. Заңнамада делдалдың қатысуы мәселесі қарастырылмаған", – деп қорытындылады Назгүл Естеусізова.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/nurfin/2051621-elimizde-kollektorlardan-zasyryngan-borysker-qandai-qiyndyqqa-tap-boluy-mumkin/

pixel