Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Arrizo 8 көлігінің 5 жұлдызы: жолдағы қауіпсіздіктің жаңа деңгейі

Опубликовано:

Arrizo 8
Фото: Astana Motors

Жолдағы қауіпсіздіктің жаңа деңгейі. 10 қауіпсіздік жастығы, күштік қаңқадағы беріктігі жоғары болат мөлшері – 80 %, 12-ден астам ADAS белсенді қауіпсіздік жүйесі, автокөліктердің қауіпсіздігін бағалайтын қытайлық бағдарлама C-NCAP сынағында 5 жұлдыз – сонымен «Астана Моторс» және Chery Kazakhstan қазақстандықтарға сымбатты әрі күшті бизнес-седан Arrizo 8-ді таныстырды.

Қауіпсіздікке екпін жасау бекер емес. Chery концерні инженерлерінің ұраны: «ең жақсы соққы – тимеген соққы». Сондықтан концерн автокөліктерінде көбінесе белсенді қауіпсіздікке көп көңіл бөлінеді және автокөліктерді жолдағы ЖКО жағдайлары туралы ескерту жүйелерімен жабдықтайды.

Arrizo 8
Фото: Astana Motors

2000-ші жылдарға дейін автокөліктерде пассивті қорғаныс жүйесі – қатты қаңқа, қауіпсіздік белбеулері мен жастықтары көбірек болатын. Бұл опциялар соқтығысудан келетін зақым салдарын азайтуға мүмкіндік беретін. Кейінірек осы жинаққа руль күшейткіші, тежеу кезінде дөңгелектерді бекітуге арналған ABS жүйесі және барлық дөңгелектерде тежеу күшін біркелкі таратуға арналған EBD жүйесі қосылды.

Алайда қазіргі автокөлік сіздің нұсқауларыңызды сақтауға ғана емес, шынымен өзін жүргізуге көмектеседі!

Arrizo 8 әзірлеушілері автокөлікке жоғары деңгейдегі белсенді қауіпсіздік жүйелерін орнатты, олар жүргізушіге айналадағы кеңістікті толық бақылауда ұстап, дер кезінде сараланған шешім қабылдауға көмектеседі, ал кейбір сыни функциялар толықтай автоматикаға сеніп тапсырылған.

Arrizo 8
Фото: Astana Motors

Arrizo 8 көлігіне орнатылған ең маңызды қауіпсіздік жүйелерінің ішінен кедергіні соғу, арттан тиетін соққы, есікті ашу қаупі туралы ескерту жүйесін айтуға болады – бұл кезде автоматты радарлар мен камералар айналадағы қоршаған кеңістікті тұрақты бақылап, жүргізушіге ықтимал қауіп туралы ескертеді. Егер автокөлік жүргізушінің кедергіге тым жақын келгенін байқаса, ол соқтығысудың алдын алу мақсатында автоматты түрде тежегішті пайдаланады.

Кейбір жүйелер тек қауіпсіздікке ғана емес, сонымен бірге басқару жайлылығына да қатысты: тұраққа қою датчиктері, жол қатарын сақтау, кептелісте қозғалуға көмектесу, өрде орыннан қозғалғанда автокөлікті орнында ұстап тұруға арналған HSA жүйесі, жылдамдықта есіктерді автоматты түрде құлыптау, фараларды кешіктіріп өшіру функциясы (Follow me home).

Arrizo 8
Фото: Astana Motors

Осылайша, Arrizo 8 өз иесіне сенімділік пен қауіпсіздікке жаңа көзқараспен қарауымен қатар, барлық 186 ат күші тиісті бақылауда тұрғанына кепілдік береді.

Arrizo 8 бизнес-седанын Chery.Kazakhstan ресми дилерлік орталықтарынан сатып алуға болады, бағасы 11 600 000 теңгеден басталады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/nurfin/2051723-arrizo-8-koliginin-5-zuldyzy-zoldagy-qauipsizdiktin-zana-dengeii/

pixel