Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қандай мобильді аударымдарға салық салынбайды

Опубликовано:

Ақша санап отырған әйел
Ақша санап отырған әйел. Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Қазақстандықтардың барлық мобильді банк аударымына салық салуға қатысты алаңдаушылығына Қаржы министрлігі МКК департаментінің басшысы Нұржан Қуандықов жауап берді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Журналистер Мемлекеттік кірістер комитетінің өкілінен азаматтардың қандай аударымдарына салық салынатынын сұрады.

"Біз бәріміз қоғамда өмір сүріп жатырмыз. Мен жұбайыма ақша аудара аламын, ата-анама немесе достарыма ақша аудара аламын. Мұндай жеке мақсаттар үшін жасалатын аударымдар еш қудаланбайды", - деді Нұржан Қуандықов.

Алайда Қуандықовтың айтуынша, бизнестегі аударымдар мәселесінің жөні бөлек.

"Қызметтері үшін ақы алатын адамдар бар. Жеке картаңызды кәсіпкерлік қызмет картасынан бөліп қарастыру қажет. Жеке картаға түсетін кез келген қаражатқа салық салынбайды, бұл сіздің жеке ақшаңыз. Бірақ адам кәсіпкерлік қызметті жүзеге асырған кезде бизнес-картаға ақша алуы керек. Тиісінше, ол салық төлеуі керек", - деді спикер.

Қуандықов мұнда адал салық төлеушілердің қорқатын дәнеңесі де жоқ екенін атап өтті.

"Бірақ бұл жерде аударымдарды қабылдайтын кәсіпкерлерге сұрақ туындайды. Олардың бизнес картасына төлем қабылдауға не кедергі?" - деп сұрады ол.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/nurfin/2051754-qandai-mobildi-audarymdarga-salyq-salynbaidy/

pixel