Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Мобильді аударымдар тексеріледі: кәсіпкерлік табысын жасырғандар қалай жазаланады

Опубликовано:

Ақша ұстап отырған адам мен Мемлекеттік кірістер сайты
Көрнекі фото: NUR.KZ / Владимир Третьяков

Елімізде азаматтың жеке шотына ақша аударымдары келіп жатқаны анықталып, тіркелмеген кәсіпкерлік қызметімен айналысып жатқанына байланысты тергеу жүргізу шешімі қабылданса әрі Қазақстан азаматы бұл шешіммен келіспесе, ол тиісті органға шағымдана алады. Толығырақ KAZ.NUR.KZ материалынан оқыңыз.

Қазақстанда кәсіпкерлік қызметтен ірі көлемдегі кіріс белгілері анықталған жағдайда қазақстандықтардың мобильді аударымдары тексерілуі мүмкін. Бірақ бұл норма заңға бағынатын азаматтарға қатысы жоқ – адамның достары мен туыстарының арасындағы кәдімгі өзара ақша аударымдары бақылауға алынбайды.

Осы орайда Қаржы министрлігінің мемлекеттік кірістер комитеті (ҚМ МКК) мәліметіне сүйенсек, егер үш ай қатарынан азаматтың жеке банк шотына 100 түрлі тұлғадан мобильді аударымдар түссе, онда бұл оған қатысты тексерісті бастауға негіз болуы мүмкін.

Бұл заң жобасы мобильді аударымдар арқылы тауарлар не қызметтер үшін көбіне төлем алып, түбіртек бермей, кірісті жасыратындар мен тіркелмеген кәсіпкерлерді анықтауға бағытталған.

  • адамның салық органдарында тіркелуі;
  • декларация тапсырмас бұрын кіріс мөлшерін әжептеуір кем қылып көрсету дерегі.

Мемлекеттік кірістер комитеті ақпараты бойынша, камералдық бақылау - салық төлеушілер құқықбұзушылық туралы хабарлама алған бойда оны өз еркімен жоюға мүмкіндік беретін шара.

Егер қазақстандық құқықбұзушылық анықталғанын мойындап, өзіне қатысты заң бұзушылық жасады деп тағылған айыппен келіссе, ол жеке кәсіпкер (ЖК) ретінде тіркелуге тиіс немесе декларацияда көрсетілмеген кіріс сомасын нақтылап, қосымша декларация тапсыруы керек.

Ал егер салық төлеуші құқықбұзушылықпен келіспесе, онда себебін түсіндіріп, сөзін растайтын құжаттарды қоса беруі керек.

Келіп түскен хабарлама орындалмаған жағдайда салық тергеуі жүргізіледі, оның барысында банктерден шот бойынша толық ақпарат сұратылады және құқықбұзушылық бар-жоғы туралы нақты шешім қабылданады.

Құқықбұзушы қалай жазалануы мүмкін:

  • тіркелмей жеке кәсіпкерлікпен айналысқаны үшін – 15-тен 100 АЕК-ке дейін (2024 жылы 55 380 теңгеден 369 200 теңгеге дейін) айыппұл салу;
  • кірісті жасырғаны үшін – төленбеген салық сомасының 200 пайыз мөлшерінде (құқық бұзушылық қайталанған жағдайда – 300 пайызға дейін артады) айыппұл салу;
  • түбіртек бермегені үшін – 15-тен 50 АЕК-ке дейін (55 380 теңгеден 184 600 теңгеге дейін) айыппұл салу қарастырылған.

Биыл банктер Мемлекеттік кірістер комитетіне кәсіпкерлік қызметтен кіріс түсіп жатқанының белгілері бар шоттар туралы ақпарат берді. Бүгінде аталған заң жобасы әзірге тек мемлекеттік қызметшілерге, оларға теңестірілген тұлғаларға және жұбайларына әсер етті.

Банктер комитетке жеке ақпаратты кезең-кезеңімен береді:

  • 2023 жылдан бастап – мемлекеттік қызметшілердің, оларға теңестірілген тұлғалардың әрі жұбайларының (2022 жылдың қорытындысы бойынша);
  • 2024 жылдан бастап – мемлекеттік органдардың, квазимемлекеттік сектор субъектері қызметкерлерінің және олардың жұбайларының (2023 жылдың қорытындысы бойынша);
  • 2025 жылдан бастап – жеке кәсіпкерлер, заңды тұлғалардың басшылары және олардың жұбайларының (2024 жылдың қорытындысы бойынша);
  • 2026 жылдан бастап – қарапайым халықтың (2025 жылдың қорытындысы бойынша) ақпараты беріледі.

Яғни қарапайым азаматтардың аударымы тек 2026 жылдан бастап тексеріле бастайды. Дегенмен барлық мобильдік аударымдар бақылауға алынбайды. Бұл заң жобасы тек тіркелусіз кәсіпкерлікпен айналысатын немесе кірісін жасыруға тырысатын адамдарға қатысты.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/nurfin/2051831-mobildi-audarymdar-tekseriledi-kasipkerlik-tabysyn-zasyrgandar-qalai-zazalanady/

pixel