Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қайтаруға уәде береді: алаяққа тап болғандар қаражатын қайтарамын деп тағы да алдануда

Опубликовано:

Белгісіз номер арқылы шалынған қоңырау
Белгісіз номер. Көрнекі фото: Diy13 / Getty Images

Елімізде интернет-алаяқтық саны артып, қоғамда ақшаны қайтару қызметіне сұраныс жоғарылады. Сондықтан бүгінде бұл қызметті алаяқтардың өздері де ұсына бастады. Толығырақ KAZ.NUR.KZ материалынан оқыңыз.

Алаяқтар ақшаны қайтару бойынша көмек ұсынады

Алаяқтықтың жаңа схемасы пайда болды. Әлеуметтік желіде алаяқтардың өздері алаяқтық құрбаны болған қазақстандықтарға көмек көрсету қызметін ұсынып, одан көп ақша ұрлауы ықтимал.

"Алаяқтар шектен шығып, бізді мазақ етіп жатыр – олар "Мошенники" сериалында түскен актер Руслан Омаровтың видеосын қиып алып, оған липсинг (ерін қимылын өзгерту) жасап, үстіне жаңа мәтін қосып, өздері тарататын жалған жарнамаға салған. Бұл бір рет алданып қалғандарды қайта алдау мақсатында ұрланған қаржыны қайтаруға уәде беретін алаяқтардың әрекеті", – деп жазады Finance.kz.

Еске салайық, бұған дейін желіде президенттің атынан осыған ұқсас дипфейк пайда болғаны туралы жазған едік.

Яғни жарнамаға сенген адамдар сілтеме арқылы өткен кезде оған "консультанттар" қоңырау шалады. Содан соң алаяқтар ұрланған ақшаның шотын тапқандай болып, "қайтарылатын" қаражаттың белгілі бір пайызы берілсе, оны иесіне қайтаруға уәде береді – әдетте бұл қызмет ақысы жоғалған соманың шамамен 10-13 пайызына тең.

Осы орайда алаяқтар қызметін алдын ала төлеуді сұрайды және жәбірленуші тиісті ақысын жіберген бойда алаяқтар бірден онымен байланысын үзеді.

Алаяқтардан қалай сақ болу керек

Алаяқтық жарнаманың құрбаны болмау үшін мынадай ережелерді есте сақтаған жөн:

  • инвестициялар мәселесіне келсек, брокерлік қызметтерді тек лицензиясы бар брокерлер көрсете алады, сондықтан олардың ресми сайттарын, лицензияларын және т.б. ақпаратын мұқият зерделеу қажет;
  • желіде жылдам әрі оңай ақша табу ұсыныстарына жауап бермеген абзал. Себебі алаяқтар жеңіл табыс табу желеуімен көбіне тек пікір қалдыруды, сауалнамадан өтуді немесе "лайк" қоюды сұрайды. Мұндай жарнамалар әдетте әлеуметтік желіде көп таралады;
  • Сондай-ақ алаяқтар жиі ұялы телефон арқылы қоңырау шалады – олар өздерін банк қызметкерлері, жеке сот орындаушылары деп таныстырады, кейін адам өтелмеген қарыздары үшін қамауға алынуы мүмкін, оған қатысты тергеу жүргізіледі деп және т.б. қорқытады. Белгісіз адам қоңырау шалса, айтқанын екі етпей орындауға болмайды, қашан да күмәнмен қарау керек.

"Ақшаны алаяқтардан қайтаруға уәде беретіндердің өзі алаяқтар екенін естен шығармаңыздар.

Оған қоса жеңіл әрі тез табыс табу жолдарына, жеңіл ақшаға сенбеңіздер – еңбектің оңайы болмайды, еңбек етпей табыс келмейді. Мұқият болып, барлығын саралаңыздар. Осы қасиеттер ғана ақшаңызды алаяқтардан сақтауға көмектеседі", – деп кеңес береді Finance.kz.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/nurfin/2052034-qaitaruga-uade-beredi-alayaqqa-tap-bolgandar-qarazatyn-qaitaramyn-dep-tagy-da-aldanuda/

pixel