Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстандықтар мен өзге ел тұрғындары коммуналдық қызметтерге қанша ақша кетіреді

Опубликовано:

Төлем туралы квитанция
Төлем туралы квитанция. Көрнекі фото: pixabay.com

Қазақстандықтардың коммуналдық төлемдер шығыны орташа жалақы мөлшерінің 10 пайызынан төмен. Ranking.kz порталы ақпаратынша, бұл әлемдік стандарт бойынша аса көп емес. Толығырақ KAZ.NUR.KZ материалынан оқыңыз.

Қазақстанда 2023 жылы коммуналдық қызметтер бағасы айтарлықтай өскенімен, елдегі тарифтер өзге елдермен салыстырғанда төмен десе болады.

Сарапшылар мәліметіне сүйенсек, 85 шаршы метрлік пәтерде ай сайынғы төленетін коммуналдық қызмет бағасы шамамен 55 доллар (қазіргі бағам бойынша шамамен 25 мың теңгеден астам). Бұл сомаға электр қуатының, жылу және кондиционер қызметінің, сумен жабдықтау әрі су тарту жүйесінің, қоқыс шығару қызметінің бағасы кіреді.

Егер Қазақстандағы пәтерлердің орташа ауданы біршама кішірек (55-60 шаршы метр) екенін ескерсек, мұндай пәтерлерде тұратын азаматтар үшін коммуналдық қызмет тарифтері де төмен деп болжауға болады – шамамен 35-40 доллар (16-18 мың теңге).

Сондай-ақ Қазақстанда коммуналдық қызметтер тарифі Орта Азия және ТМД елдерімен салыстырғанда ең төмен екені белгілі болды.

Мысалы, Ресейде 85 шаршы метрлік пәтердегі коммуналдық қызметтердің орташа бағасы – 89,9 доллар, ал Арменияда болса бұл көрсеткіш 111 доллар.

Сондай-ақ Қазақстанда коммуналдық қызметтердің бағасы орташа жалақы алатын азаматтарға аса ауыртпалық түсірмейді.

Айта кетейік, Ұлттық статистика бюросы ақпараты бойынша, бүгінде орташа жалақы мөлшері – 571 доллар (260 мың теңгеге жуық). Бұл 2023 жылғы үшінші тоқсанның қорытынды есебінен (350 мың теңге) айтарлықтай ерекшеленеді, өйткені бұл сома салықтар мен т.б. міндетті төлемдер ұсталғаннан кейін есептеліп шығарылған.

Осылайша коммуналдық қызмет бағасы қазақстандықтардың жалақы мөлшерінің 9,7 пайызына тең. Беларусьте бұл көрсеткіш – 10,4 пайыз, Өзбекстанда – 11,9 пайыз. Ресейде бұл көрсеткіш айтарлықтай жоғары – 16 пайыз, ал Арменияда тіпті 18 пайызға жеткен.

Украинада коммуналдық қызметтердің бағасы ел тұрғындарының орташа жалақы мөлшерінен – 21,7 пайызын құрайды (айына шамамен 87,9 доллар), бірақ бұл ел коммуналдық қызметтер бағасы ең жоғары мемлекет болып саналмайды.

Бұл есеп әдетте ресми статистикаға сай келеді. Мәселен, бір шаруашылықтың коммуналдық қызметтерге, тұрғын үйді күтіп ұстауға және жөндеуге жұмсаған шығындары биыл үшінші тоқсанда орта есеппен 39,4 мың теңге болған, яғни шамамен айына 13,1 мың теңгеден асқан. Бұл әлеуметтік жағдайы орташа қазақстандық отбасының барлық шығынынан шамамен тек 4,3 пайызын құрайды.

Дегенмен еліміздегі коммуналдық қызметтердің бағасы жоғары еместігін әрі отбасы бюджетіне үлкен салмақ түсірмейтінін ескергеннің өзінде, қазақстандықтар оны уақытылы төлемеу салдарынан миллиардтаған қарыз жиналып қалған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/nurfin/2052110-qazaqstandyqtar-men-ozge-el-turgyndary-kommunaldyq-qyzmetterge-qansa-aqsa-ketiredi/

pixel