Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстанда бұдан былай қызметкерлердің орташа жалақы мөлшері жаңа әдіспен есептеледі

Опубликовано:

Ақша
Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

2024 жылдан бастап қазақстандықтардың орташа жалақы мөлшері жаңа әдіспен есептеледі. Бұл сырқаттануына байланыс демалыс, ақылы еңбек демалысы және қызметкерлер алуға құқылы т.б. төлемдердің мөлшеріне әсер етуі мүмкін. Толығырақ KAZ.NUR.KZ материалынан оқыңыз.

Ақылы еңбек демалысы, сырқаттануына байланысты демалыс, тіпті жұмыстан босатылған кездегі төленетін өтемақыға және т.б. көптеген төлемге орташа жалақы мөлшері әсер етеді.

Жаңа жылдан бастап жұмыс уақытымен бірге қоса есептелетін орташа жалақыны есептеудің бірыңғай қағидаларына өзгерістер енгізілді. Еңбек кодексіне сәйкес, бұл өзгерістер тек үздіксіз жұмыс істейтін өндірістерде әрі күнделікті немесе апта сайынғы жұмыс кестесі қарастырылмаған кейбір қызмет түрлеріне қатысты.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің тиісті бұйрығы Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі сайтында жарияланды.

Ұсынылған өзгерістерге сәйкес, орташа жалақы мөлшері жалпы жұмыс уақытын есепке алғанда, қызметкердің орташа сағаттық табысы мен орташа жұмыс күнінің санына байланысты белгіленеді. Әзірге қолданыстағы қағидаға сәйкес, жұмыс уақыты есебі бойынша жалақы мөлшері орташа күндік табыс пен жұмыс күні санына байланысты белгіленеді.

Сондай-ақ аталған заңға еңбек шарты бұзылған жағдайда жыл сайын ақылы еңбек демалысының пайдаланылмаған күндері үшін өтемақы төлемдерін есептеу ережесі енгізілді. Заңдағы жаңа өзгерістерге сәйкес, бұдан былай қызметкердің жұмыс кестесіне қарамастан, өтемақы төлеу кезінде жұмыс күндері бірыңғай тәртіп бойынша есептелінеді.

Бұл ретте бұдан былай жұмыс берушінің ісі жүрмей қалған жағдайда қызметкерлерге төленетін соманы белгілеу кезінде орташа жалақы мөлшері есепке алынбайды.

Бұл өзгерістер әр түрлі төлем мөлшеріне айтарлықтай әсер етуі мүмкін, оның ішінде уақытша еңбекке жарамсыздық бойынша әлеуметтік төлемдер, ақылы еңбек демалысы және жұмыстан шыққан қызметкерге төленетін пайдаланылмаған ақылы еңбек демалысы үшін өтемақы және т.б. бар. Ұсынылған өзгерістер 2024 жылы 1 қаңтардан бастап күшіне енді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/nurfin/2052412-qazaqstanda-budan-bylai-qyzmetkerlerdin-ortasa-zalaqy-molseri-zana-adispen-esepteledi/

pixel