Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"7-20-25" бағдарламасының 2024 жылғы бюджеті бекітілді

Опубликовано:

Ақша және құрылыс
Тұрғын үй құрылысы және ақша. Көрнекі сурет: NUR.KZ/Владимир Третьяков

2023 жылғы 25 желтоқсанда Ұлттық Банк "7-20-25" ипотекалық кредиттеу бағдарламасын іске асыру туралы қаулы қабылдады. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Ұлттық банктің ресми сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

25 желтоқсанда Ұлттық банк Басқармасы "7-20-25" бағдарламасы бойынша қаржыландыру туралы қаулысы қабылдады.

Қаулыға сәйкес, 2024 жылы бағдарламаны қаржыландырудың жылдық көлемін рұқсат етілген ең жоғары деңгейде 100 млрд теңге мөлшерінде белгілеу және бюджетті тоқсан сайын 25 млрд теңгеден бөлу жоспарланған.

"Бағдарлама бойынша 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап берілген ипотекалық қарыздар бойынша талап ету құқықтарын сенімгерлік басқарғаны үшін банктердің сыйақысын жылдық 3 пайыздан 2,5 пайызға дейін төмендету көзделеді. Бұл түзету бағдарлама операторы — "Қазақстанның орнықтылық қоры" АҚ мен бағдарламаға қатысушы банктер арасында белгіленетін құқықтық қатынастарды қозғайды және азаматтарды кредиттеу шарттарына әсер етпейді"- делінген хабарламада.

Ұлттық банк мәліметінше, бағдарлама 2018 жылы жұмыс істейтін азаматтарды 25 жылға дейінгі мерзіммен және 20 пайыздан басталатын бастапқы жарнамен 7 пайыздық жеңілдікті мөлшерлеме бойынша қолжетімді ипотекамен қамтамасыз ету үшін іске қосылған.

2023 жылғы 28 желтоқсандағы жағдай бойынша бағдарлама аясында 974,1 млрд теңгеге 71 699 жеңілдікті қарыз берілді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/nurfin/2053407-7-20-25-bagdarlamasynyn-2024-zylgy-byudzeti-bekitildi/

pixel