Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

1 қаңтардан бастап елімізде берілетін жәрдемақылар қанша теңгеге өсті

Опубликовано:

қағаз ақша және тиындар
Теңге. Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

2024 жылғы 1 қаңтардан бастап мемлекеттік жәрдемақылардың барлық түрі және базалық зейнетақы төлемі артты. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Министрлік мәліметінше, 2024 жылы бюджеттен төленетін жиынтық зейнетақының орташа мөлшері (БЖЗҚ төлемдерін есептемегенде) 130 414 теңгені құрайды. Өткен жылы бұл сома 120 838 теңгені құраған болатын.

Сонымен қатар 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап базалық зейнетақының ең төмен мөлшері 28 215 теңгеге, ең жоғары мөлшері 45 578 теңгеге өскен.

Одан бөлек 1 қаңтардан бастап мемлекеттік жәрдемақылар өсті:

  • 1, 2, 3 баласын туғандарға берілетін жәрдемақы 131 100 теңгеден 140 296 теңгеге дейін,
  • 4 және одан да көп бала тууына берілетін жәрдемақы 217 350 теңгеден 232 596 теңгеге дейін;
  • 4 баласы бар отбасыларға берілетін жәрдемақы 55 304 теңгеден 59 183 теңгеге дейін;
  • 10 баласы бар отбасыларға берілетін жәрдемақы 138 000 теңгеден 147 680 теңгеге дейін;
  • I топ мүгедектігі бар адамдарға арналған жәрдемақы 89 248 теңгеден 95 496 теңгеге дейін;
  • II топ - 71 398 теңгеден 76 397 теңгеге дейін;
  • III топ – 48 681 теңгеден 52 089 теңгеге дейін.

Сондай-ақ Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан асыраушысынан айырылу және еңбекке қабілеттілігінен айырылу бойынша төлемдер 7 пайызға ұлғайтылды. Аталған төлемдер міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушыларға бюджеттен берілетін мемлекеттік жәрдемақыларға қосымша беріледі.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/nurfin/2053670-1-qantardan-bastap-elimizde-beriletin-zardemaqylar-qansa-tengege-osti/

pixel