Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматы прокуратурасы Ұлттық университеттердің бірінде 43,8 млн теңге жымқырылғанын анықтады

Опубликовано:

20 мың теңегелік купюралар
20 мың теңегелік купюралар. Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Алматы қаласының прокуратурасы Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінде 43,8 млн теңге жымқырылғанын анықтады. Бұл жөнінде қалалық прокуратураның баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

"Алматы қаласының прокуратурасы Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетін тексеру қорытындысы бойынша жалған тұқым себу және егіс алқаптарын өңдеу арқылы бюджет қаражатын жымқыру фактілерін анықтады.

Келтірілген шығын 43,8 млн теңге болды, тергеуді Алматы қаласы прокуратурасының Сотқа дейінгі тергеп-тексеру басқармасы жүргізіп жатыр", – делінген қадағалаушы орган таратқан хабарламада.

Бұған қоса, прокуратура университетке тиесілі 7,9 миллион теңгеге коммерциялық үй-жайларды жалға беру кезінде алаяқтық фактілері анықталғанын мәлімдеді.

Сотқа дейінгі тергеп-тексеру Медеу ауданының полиция бөліміне тапсырылған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/nurfin/2053864-almaty-prokuraturasy-ulttyq-universitetterdin-birinde-438-mln-tenge-zymqyrylgan-anyqtady/

pixel