Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Туыстар арасындағы мобильді аударымдарға шектеу бола ма: вице-министр түсіндірді

Жарияланған күні:

Телефон ұстап тұрған адам
Телефон ұстап тұрған адам. Көрнекі сурет. Фото: Camilo Freedman/SOPA Images/LightRocket via Getty Images

Қаржы вице-министрі Ержан Біржанов бүгін үкіметте өткен баспасөз мәслихатында туыстар арасындағы мобильді аударымдарды шектеуге қатысты жағдайды айтып берді. Бұл туралы үкіметтің Telegram-арнасына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Біржановтың айтуынша, туыстар арасында мобильді аударымдар бойынша шектеу жоқ.

"Туыстар арасында бір-біріне ақша аударымдарының сомасы бойынша ешқандай шектеу жоқ. Оны біз кәсіпкерлік деп қарамаймыз. Жаңа бақылау нысандарын енгізу аясында біз үш ай ішінде әртүрлі адамдардан түскен аударымдардың көлемін ғана қарастыратын боламыз", - деді вице-министр.

Сондай-ақ қаржы вице-министрі мобилді банктік аударыммен салыстырғанда тауарлар немесе қызметтер үшін ресми төлемнің артықшылығы туралы айтып берді.

"Егер кәсіпкерлер мобилді банктік аударымдарды бақылау-кассалық машиналарды немесе POS-терминалдарды пайдаланбай қабылдаса, олар "көлеңкеде" қалмақ. Жалпы, бөлшек сауда көлеңкелі экономиканың көлемді бөлігін алып отыр. Қазір аударымдардың бақылауға алынатынын айта бастағанымызда, кейбір кәсіпкерлер қолма-қол есеп айырысуға көшкісі келеді. Бірақ бұл да "көлеңкелі кәсіпкерлік" болып табылмақ. Егер кәсіпкерлер банктен жеке банктік есепшот ашып, төлемдерді, мысалы, QR арқылы қабылдаса, онда біздің фискалдық бөлігіміз де, бүкіл экономикамыз да ашықтыққа қол жеткізбек.

Ең бастысы, QR арқылы төлеген кезде тұтынушылар қосымша кэшбек алады, кейін оны басқа төлемдер үшін пайдалануға болады. Мобилді аударымдар бойынша адам не чек, не кэшбек ала алмайды", - деп түсіндірді ол.

Оның айтуынша, бүгінде кәсіпкерлер үшін барлық жағдай жасалып жатыр. Мемлекеттік мобильді қосымшалардан басқа, салық есебін банк қосымшалары арқылы да тапсыруға болады. Бұл мүмкіндіктер кәсіпкерлердің өмірін жеңілдетуде. Бухгалтерлерді жалдау және есеп жүргізу бойынша шығындарды азайтады.

"Біз банктермен жұмысты әрі қарай жалғастырып, "Атамекен" ұлттық палатасымен бірлестікте салық төлеушілерге осы процесті жеңілдету үшін ең төменгі талаптар қою бойынша шаралар әзірлейтін боламыз. Біздің негізгі қағидамыз - жазалау емес, түсіндіру. Бұл біздің берік ұстанымымыз.

Салық кодексі аясында біз айыппұлдар мен есеп беруді азайту шараларын қарастырамыз. Біздің мақсатымыз – кәсіпкерлердің барлығының құқық саласындағы бір ережелер бойынша жұмыс істеуі. Бұл сондай-ақ тұтынушылардың құқықтарын қорғауға бағытталған", - деп қосты шенеунік.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/nurfin/2054647-tuystar-arasyndagy-mobildi-audarymdarga-sekteu-bola-ma-vice-ministr-tusindirdi/