Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Депутаттар елімізде утильалым мен көліктерді бастапқы тіркеу бағасын төмендетуді ұсынды

Опубликовано:

Көлік салоны
Көлік салоны. Көрнекі фото: pixabay.com

Сырттан әкелінетін автокөліктерге салынатын кедендік баж салығының жоғары болуы көлік құнының ақырғы бағасының да өсуіне әкеледі. Салдарынан еліміздегі автопарк ескіруде, дейді депутаттар. Толығырақ KAZ.NUR.KZ материалынан оқыңыз.

Қазақстан мегаполистеріндегі ауаның ластануы, халық қауіпсіздігі сынды факторлар автокөлік паркінің ескіру мәселесін өзекті етеді.

Ескі көліктер атмосфераға зиянды газдардың шығарылу деңгейі бойынша техникалық талаптарға, сондай-ақ қауіпсіздік нормаларына сәйкес келмеуі мүмкін. Көлік бағасы түсіп жатқанына қарамастан, депутаттар ескі көліктердің саны артқанын айтады.

Сондықтан олар жағдайды реттеу мақсатында премьер-министр Әлихан Смайыловқа жүгініп, ұсынысын айтты. Тиісті депутаттық сауал парламент мәжілісі сайтында жарияланған.

Автопарк жаңармай жатыр

Депутаттардың пікірінше Қазақстандағы ескі көліктер жүргізушілер мен жолаушыларға қауіп төндіреді. Бұл мәлімдемені жасауға көлік құралдарының тоз-тозы шығуы себеп болған

"Қазақстанда тіркелген жеңіл автокөліктердің 49 пайызы зауыттан шыққанына 20 жылдан асқан, 21 пайызы 10 жылдан асқан көліктер. Шығарылғанына 3 жыл толмаған көліктер үлесі 6-ақ пайыз ғана екен. Осыдан-ақ Қазақстандағы автопарк жағдайы мүшкіл екенін білуге болады", – делінген сауалда.

Сондай-ақ депутаттық сауалда ескі көліктер жол апатына жиі ұшырайтыны айтылған.

Депутаттық сауалда жазылған мәліметке сүйенсек, бұл мәселе сырттан әкелінетін көліктерге салынатын баж салығы секілді төлемдер салдарынан туындап отыр:

  • қосымша құн салығы (ҚҚС) – автокөлік бағасының 12 пайызына тең;
  • мемлекеттік баж – көлік құнының 15 пайызына тең;
  • сәйкестендіру сертификатын диллерлерден алу керек, ал құны 60 000 теңгеден 140 000 теңгеге дейін болуы мүмкін;
  • кедендік баж – шамамен 20 700 теңге;
  • автокөлік қозғалтқышының көлеміне қарай алынатын утильалым – 2024 жылы құны 276 900 теңгеден бастап, 2 миллион теңгеден асуы мүмкін.

Яғни соның салдарынан шетелдік автокөлік Қазақстанға әкелінген кезде оның құны айтарлықтай жоғарылайды, бұл өз кезегінде халықтың сатып алу қабілетіне әсер етіп,жаңа көлік алуды қиындатуы мүмкін.

Кедендік баж шетелдік автокөліктер бағасына қалай әсер етеді

"Егер Hyundai Elantra көлігін шетелден 10 000 долларға сатып алса, елге келгенде оның құны 13 800 доллар болады. Барлық салық және міндетті төлем осы бағамен есептеледі. Бұл әділетсіз.

Қазіргі бағам бойынша Hyundai Elantra-ның нарықтағы бағасы 6 334 200 теңге делік. Ел ішінде төленетін барлық төлемді ескере отырып, баға түптеп келгенде 8 966 383 теңгені құрайды.

Осылайша, біздің азаматтар Қазақстанға жаңа көлік әкелу үшін 2 632 183 теңге төлейді. Бұл өте қымбат. Ал ескі көлікті әкелу одан да қымбат", - деп атап өтті депутаттар.

Депутаттар автомобиль импортындағы осындай мәселелерді ескере отырып, автокөліктерді қолжетімді ету үшін мынадай шараларды қабылдау ұсынған:

  • Қазақстанға шетелден әкелінетін автокөліктердің бекітілген кедендік құнын төмендету;
  • Бастапқы тіркеу құнын азайту. Қазір 3 жыл бұрын шыққан көліктерді әкелу үшін 1,8 миллион төлеу міндетеледі, бұл шекті 7 жылға мерзімге дейін созу.
  • Утилалымның бағасын төмендету.

Депутаттардың сөзіне сенсек, мұндай шаралар Қазақстандағы көліктердің құнын төмендетуге ықпал етуі керек. Осылайша елімізде жаңа, техникалық талаптарға сай, қауіпсіз әрі экологиялық таза көліктердің үлесі артады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/nurfin/2054909-deputattar-elimizde-utilalym-men-kolikterdi-bastapqy-tirkeu-bagasyn-tomendetudi-usyndy/

pixel