Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

2023 жылы Home Credit Bank клиенттері кэшбек түрінде 4,3 млрд теңге табыс тапты

Опубликовано:

Қыз қолында ақша ұстайды
Иллюстрациялық фото: depositphotos.com

Күнделікті сатып алулар үшін Home Credit Bank-тің Home Card және Home Card Lite дебет карталарын таңдайтын қазақстандықтар саны өсуде. Банк өз клиенттеріне сатып алулардан пайда алуға көмектеседі.

2023 жылы осы карталарды ұстаушылар 102 млрд теңге сомасына 13,2 млн сатып алу жасады. Нәтижесінде клиенттер бонус түрінде 4,3 млрд теңге табыс тапты, оның ішінде 3,1 млрд теңге Home Credit Lite картасының үлесіне, ал 1,2 млрд теңге Home Credit картасына тиесілі болды. Клиенттер карталарды көбінесе супермаркеттерде және жанармай құю станцияларында қолданды.

"Біздің карталар тек төлем құралы ғана емес, оған қоса пассивті табыс көзі болып табылады. Банк ретінде біз клиент үшін қаржылық құрал ғана емес, ең алдымен серіктес болғымыз келеді. "Біз көмектесуге қуаныштымыз" деген ұранымыз да кездейсоқ таңдалмаған. Біздің екі картамыздың көмегімен біздің клиенттер сатып алуларды жасау арқылы айына 35 000 теңгеге дейін, ал бір жыл ішінде 420 мың теңгеге дейін кешбэк жинақтай алады. Кешбэк алған клиенттер енді одан да көп пайда табу жолдарын және тиімді ұсыныстарды іздестіріп тұрады. Қаржылық сауаттылық шағын қадамдардан басталады. Ең алғашқы қадам — тиімді картаны таңдау", - дейді Home Credit Bank басқарма төрағасы Кирил Бачваров.

Кирил Бачваров
Кирил Бачваров. Фото: Home Credit Bank

Тек 2023 жылы банк клиенттері 497 мың дебет картасын ашты. Өткен жылмен салыстырғанда бұл көрсеткіш екі есе өсті. Бір жыл ішінде сатып алулар көлемі 46-дан 102 млрд теңгеге дейін 2,2 есе өсті. Орта есеппен алғанда, Home Credit Bank-тің әрбір клиенті айына 19 транзакция жасайды.

Home Card Lite бойынша бонустардың айлық лимиті – 20 000 теңге. Карта бойынша ең танымал санаттарда, яғни супермаркеттерде, жанармай құю станцияларында және коммуналдық қызметтерге жасалатын төлемдер үшін 10% кешбэк алуға болады. Ал Home Card лимиті 15 000 теңгені құрайды. Картада 100 000 теңгеден және депозитте 500 000 теңгеден басталатын қалдық болған кезде БАРЛЫҚ сатып алулардан 5% кешбэк алуға болады.

Home Credit Bank карталарының артықшылығы – жиналған бонустарды ақшаға айырбастауға болады: 1 бонус = 1 теңге.

Карталарды мобильді қосымшада, сайтта немесе банк бөлімшелерінде ашуға болады. Картаға қызмет көрсету, оны шығару және жеткізу – тегін.

*Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі берген 17.08.2022 ж. №1.2.36/40 лицензия.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/nurfin/2054949-2023-zyly-home-credit-bank-klientteri-kesbek-turinde-43-mlrd-tenge-tabys-tapty/

pixel