Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алаяқтар "Қазпошта" атын жамылып, азаматтардың қаражатын қалай ұрлайды

Опубликовано:

Телефон ұстап отырған әйел
Телефон ұстап отырған әйел. Көрнекі фото: fizkes/Getty Images

Бүгінде пошталық жеткізу қызметтері әлі күнге дейін әлем бойынша сұранысқа ие. Дегенмен алаяқтар бұл қызметті де өзінің құралына айналдырған. Жаңа алаяқтық схема қалай жұмыс істейді? Толығырақ KAZ.NUR.KZ материалынан оқыңыз.

Қазақстандағы пошта бөлімшелері мынадай қызметтерді көрсетеді:

  • сәлемдемелер мен хаттарды жеткізу;
  • делдалдық қызметтер;
  • қаржылық операциялар, оның ішінде әр түрлі төлем (салық, баж, айыппұл, сатып алулар), тіпті ақша аударымдары бар.

Блогер Олжас Баймағамбетов Instagram парақшасында қазақстандықтарға видео-үндеу жариялаған. Ол видеода алаяқтар "Қазпошта" атын жамылып, азаматтарға сәлемдеме келгені туралы хабарлама жібере бастағанын айтты.

Алаяқтардың схемасы қандай

Блогердің айтуынша, жәбірленушіге оның атына сәлемдеме келгені жайлы хабарлама келіп түседі. Бірақ хабарлама 1499 ресми нөмірінен емес, онлайн пошта клиентінен келеді.

Хабарлама мәтінінде пошта бөлімшесіне келген сәлемдемені алу үшін адам жеке ақпаратын толық көрсету керектігі жазылған. Осылайша алаяқтар жәбірленушіден жеке ақпаратты көрсету мақсатында сілтеме арқылы өтуін сұрайды.

Жәбірленуші сілтеме арқылы өткен жағдайда "Қазпошта" АҚ сайтына ұқсас сайтқа өтеді: дизайны, сипаттамасы, оның ішінде қазақ тіліндегі мәтіні де ресми интернет-ресурстан айнытпай көшірілген. Айырмашылығы тек URL жолағындағы ресми сайт атауында байқалады – домен таңбалары сәл ерекше.

Содан кейін жалған "Қазпошта" сайтында жеке ақпаратты көрсету үшін әуелі ақы төлеу керек екені жазылады – 160 теңге.

Егер желі қолданушысы әрі қарай жеке ақпаратын көрсету процедурасынан өтсе, тиісті төлем жасалғаннан кейін жәбірленушінің банк картасының ақпаратын енгізу үшін арнайы жолақ ашылады, алаяқтар оны жеке мақсаттары үшін пайдаланатыны сөзсіз.

Дереккөз ақпараты бойынша, аталған алаяқтық схемаға ұрынған азаматтың жеке шотынан 9 миллион теңге (шамамен 19 мың АҚШ доллары) шешілген.

Жаңа алаяқтықтан қалай сақтануға болады

Аталған алаяқтық схеманың құрбаны болмау үшін абай болу керек әрі үнемі ақпараттың рас-өтірігін тексеріп отыру қажет:

  • "Қазпошта" АҚ тек ресми 1499 нөмірі арқылы хабарлама жіберетінін ұмытпаған жөн;
  • Мекеменің URL жолағындағы ресми сайт доменінің атауы – kazpost.kz. Ал kazpoct.kz, kaspost.kz сынды өзге домен тұрса, онда бұл жалған сайт болуы мүмкін.

Сондай-ақ онлайн қызметтерді төлеу мақсатында банк деректерін енгізу үшін жеке банк картасын жасатып алған абзал.

Онлайн қызметтерді төлеу мақсатында ашылған банк картасында тек интернет арқылы сатып алуға жұмсалуы мүмкін сома сақталуға тиіс. Ал қалған жинағыңызды бөлек шоттарда сақтаған дұрыс.

Осылайша алаяқтардан қорғанып, ақшаны жоғалтып аламын деп қауіптенудің қажеті жоқ.

Ал алаяқтарға алданған жәбірленушілер дереу банк пен құқық қорғау органдарына жүгінуге тиіс.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/nurfin/2055116-alayaqtar-qazposta-atyn-zamylyp-azamattardyn-qarazatyn-qalai-urlaidy/

pixel