Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Зиянды еңбек жағдайларында жұмыс істеп жүрген қызметкерлер қалай арнайы төлемдерді ала алады

Опубликовано:

Ақша санап отырған әйел
Ақша санап отырған әйел. Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Биыл 1 қаңтардан бастап Қазақстанда мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, зиянды еңбек жағдайларында жұмыс істейтін адамдарға арнайы әлеуметтік төлем енгізілді. Осы орайда еңбек және әлеуметтік қорғау комитетінің Астана бойынша департамент басшысы Қанат Тоқтыбаев тиісті төлемдерді кімге әрі қалай алуға болатынын айтты, деп хабарлады елорда әкімдігінің ресми сайты.

Әкімдік баспасөз қызметі өкілдерінің айтуынша, арнайы әлеуметтік төлем – бұл зиянды еңбек жағдайларында жұмыс істейтін қызметкерлерге төленетін төлем. Ол "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы арқылы жүзеге асырылады.

Арнаулы әлеуметтік төлемдер зиянды жағдайлардағы жұмысқа байланысты төрт не екі кіріс көзінен қаржыландырылады.

Еңбек жағдайы зиянды жұмыстарда істейтін қызметкерлер мынадай арнайы әлеуметтік төлемдерге үміткер бола алады:

  • арнайы кәсіптік мемлекеттік жәрдемақы – 2 ең төменгі күнкөріс деңгейі мөлшерінде;
  • зейнетақыға дейінгі аннуитеттік сақтандыру шарты бойынша сақтандыру төлемі – 1 ең төменгі күнкөріс деңгейі мөлшерінде;
  • жұмыс берушінің қаражаты есебінен кәсіби төлем – оның мөлшері 1 ең төменгі күнкөріс деңгейіне тең;
  • Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорындағы (БЖЗҚ) міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары (МКЗЖ) есебінен қалыптастырылған зейнетақы төлемі – БЖЗҚ-да жиналған қаражат көлеміне байланысты.

Төлем мынадай жағдайларда тағайындалады:

  • адам 55 жасқа толған кезде;
  • қызметкер үшін 84 ай (7 жыл) бойы міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары төленгені расталған жағдайда;
  • зиянды еңбек жағдайлары бар жұмыстарда еңбек қызметі тоқтатылған жағдайда немесе зиянды өндірістік факторлар әсер етпейтін басқа жұмысқа ауыстырылған кезде.

Сондай-ақ әкімдік мәліметіне сүйенсек, төлем зейнеткерлік жасқа толғанға дейін төленеді, өйткені зейнетақы тағайындалғаннан кейін олар тоқтатылады.

Арнайы әлеуметтік төлемдер – зиянды еңбек жағдайларында жұмыс істейтін қызметкерлерді қорғауға арналған құралдардың бірі.

"Төлем алушы зиянды еңбек жағдайларында жұмыс істей алмайды. Осылайша, егер адам төлем алу құқығын іске асырса және зиянды еңбекке орналастырылса, онда барлық көздерден төлемдер автоматты түрде тоқтатылады", – деп түсіндірді спикер.

Арнайы әлеуметтік төлем алу үшін қызметкер мынадай қызмет нұсқаларының бірін таңдауы керек:

  • жұмыс берушімен келісімшарт бойынша зиянды еңбек жағдайларына байланысты емес сол кәсіпорындағы басқа жұмысқа ауысуды рәсімдеген кезде;
  • зиянды еңбек жағдайларына байланысты емес кәсіпорыннан тыс басқа жұмысқа өз бетінше орналасқан жағдайда;
  • адам еңбек қызметін жалғастырмаса.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/nurfin/2055695-ziyandy-enbek-zagdailarynda-zumys-istep-zurgen-qyzmetkerler-qalai-arnaiy-tolemderdi-ala-alady/

pixel