Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қай қызмет түрінде кәсіпкерлер банк картасы мен мобильді аударым арқылы төлемді қабылдауға тиіс

Опубликовано:

Түбіртек беріліп жатқан кассалық аппарат
Түбіртек. Көрнекі фото: Daniel Karmann / Picture Alliance / Getty Images

Қазақстанда кей сатушылар төлем картасы не мобильді аударым арқылы жасалатын төлемді қабылдаудан бас тартып, қолма-қол ақшамен төлем жасауды талап етіп жатыр. Бірақ мұндай жайттар сауда-саттықтан бөлек өзге де салада бары белгілі болды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

2024 жылдың басынан бері кейбір сатушылар мен өзге қызмет көрсетушілер банк картасы немесе мобильді аударым арқылы төлем қабылдаудан бас тартып, қазақстандықтардан қолма-қол ақша талап ету жайттары жиілеген.

Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитеті ресми сайтының ақпараты бойынша, мұндай әрекет заңсыз.

"Егер дүкенде тұтынушы төлем карточкаларын немесе тіпті сатып алушыны пайдаланып төлемдерді қабылдаудан бас тартса мұндай құрылғының жоқтығы туралы ол мемлекеттік кірістер органдарына (салық) өтініш бере алады", – делінген хабарламада.

Бұл ретте ведомство өкілдері қандай қызмет түрін көрсету кезінде кәсіпкерлер онлайн төлемдерді қабылдауға міндетті екенін айтты:

  • көтерме және бөлшек сауда саласында;
  • қонақ үй қызметтерін ұсыну кезінде;
  • мейрамхана қызметтерін ұсыну, тамақтануды ұйымдастырудың басқа түрлері және сусындар бергенде;
  • әуе және теміржолмен жол жүру билетін сатқанда;
  • (турагенттерден басқа) туроператорлардың және туризм саласында қызмет көрсететін өзге де ұйымдардың қызметінде;
  • денсаулық сақтау саласында қызмет көрсету кезінде;
  • білім беру саласындағы қызмет кезінде;
  • кинофильмдерді, бейнелерді тарату жөніндегі қызмет, телевизиялық бағдарламалар, кинофильмдер көрсету қызметі көрсетілгенде;
  • фитнес-орталықтарда, спорт клубтарында, дискотекаларда қызмет көрсеткенде;
  • автокөліктер мен мотоциклдердің көтерме және бөлшек саудасы, оларды жөндеу және техникалық қызмет көрсету кезінде кәсіпкерлер онлайн төлем қабылдауға тиіс.

Сондай-ақ кей жағдайда сатушылар қолма-қол төлем талап ету заңсыз екенін біле тұра, онлайн төлем қызметін көрсетуден бас тартып жатады. Бұл ретте оларға Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 194 мен 195-бабына сәйкес, 100 АЕК-ке дейін (биыл – 369 200 теңге) айыппұл салынуы мүмкін.

Алайда ведомство өкілдерінің айтуынша, аталған талап ауыл шаруашылығы, аквамәдениет (балық шаруашылығы) өндірісімен айналысатын, оған қоса жалпыға ортақ пайдаланылатын телекоммуникация желісі жоқ жерлерде көтерме және бөлшек сауда саласымен айналысатын дара кәсіпкерлерге, заңды тұлғаларға қатысы жоқ.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/nurfin/2055746-qai-qyzmet-turinde-kasipkerler-bank-kartasy-men-mobildi-audarym-arqyly-tolemdi-qabyldauga-tiis/

pixel