Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

2024 жылы "Ұлттық қор - балаларға" бағдарламасы бойынша төлем алатындардың тізімі жасалды

Жарияланған күні:

Баласын құшақтап тұрған ана
Баласын құшақтап тұрған ана. Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры "Ұлттық қор - балаларға" бағдарламасы аясында биыл төлем аударылатындардың тізімін жасады. Тізім ақпан айында жарияланады, деп хабарлайды Kаzinform қордың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

БЖЗҚ баспасөз қызметі таратқан ақпаратына сүйенген агенттік мәліметінше, бүгін комиссия 2024 жылы төлем аударылатын 7 миллионға жуық баланың тізімін бекітті.

Тізім 1 ақпанда жарияланады.

"Қазір тізім жасалды. Тізімде 7 миллионға жуық бала бар. Олардың бірқатары — биыл 18 жасқа толатын балалар", - деп хабарлады БЖЗҚ баспасөз қызметі өкілдері.

Еске салайық, бұған дейін бала 18 жасқа толғанша жеке шотында қанша қаржы жиналатыны туралы жазған едік.

Сонымен қатар БЖЗҚ өкілдері бұл бағдарлама бойынша делдал қызметін ұсынатын алаяқтар пайда болғанын ескерткен болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/nurfin/2055769-2024-zyly-ulttyq-qor-balalarga-bagdarlamasy-boiynsa-tolem-alatyndardyn-tizimi-zasaldy/