Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Енді қазақстандықтар болашақ зейнетақысының мөлшерін жоспарлай алады

Опубликовано:

Ақша санап отырған зейнеткер
Зейнеткер. Фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

БЖЗҚ ел азаматтарына ай сайын зейнетақы қорына қанша жарна салуын өзі таңдай алатын жаңа құрал шығарды, деп хабарлайды Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры баспасөз қызметіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

БЖЗҚ өкілдерінің айтуынша, қор болашақ зейнетақыны жоспарлаудың жаңа құралы – жеке зейнетақы жинақ жоспарын енгізуді жоспарлап жатыр.

Болашақтағы зейнетақы төлемдерінің болжамды мөлшерін есептейтін БЖЗҚ-ның қызметтік зейнетақы калькуляторынан қарағанда, зейнетақыны жоспарлау мүмкіндігі салымшыға мынадай мүмкіндіктер береді:

  • зейнетақы жинағының биылғы көлемін ескере отырып, болашақта қанша зейнетақы алғыңыз келгеніне байланысты жарналардың тиісті сомасын есептеу;
  • жеке зейнетақы жинақтау жоспары бойынша жарналар салу кестесін мониторингілеу (автоматтандырылған жеке хабарламалар жүйесі арқылы).

Болашақ зейнетақы көлемі есептелген жағдайда оның ішінде мынадай көрсеткіштер болады:

  • мемлекеттік бюджеттен берілетін зейнетақы (базалық зейнетақы мен бірлескен, яғни еңбек өтіліміне байланысты зейнетақы);
  • міндетті зейнетақы жарналарының (МЗЖ) 10 пайыз, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарының (МКЗЖ) 5 пайыз көлеміндегі жарна есебінен БЖЗҚ-дан төленетін зейнетақы жинағы;
  • ерікті зейнетақы жарналары (ЕЗЖ) есебінен БЖЗҚ-дан төленетін зейнетақы (ЕЗЖ бойынша өз еркімен қызметкер де, жұмыс беруші де БЖЗҚ-ға аударымдар жасай алады).

Болашақ зейнетақы мөлшерін жоспарлау қызметі БЖЗҚ сайтындағы жеке кабинетте қолжетімді.

"Салымшы өз жеке зейнетақы жинақтау жоспарының орындалып жатқанын, яғни МЗЖ, МКЗЖ және ЕЗЖ есебінен түсетін жарналарын бақылай алады, сондай-ақ адам ай, жыл сайынғы пайыздық әрі ақшалай түрде орындалып жатқан жоспардың статусын қадағалай алады. Осылайша азамат жоспарды іске асыру бойынша ерікті зейнетақы жарналары есебінен алынатын зейнетақы жинағының мөлшері жетпеген жағдайда жетіспей тұрған сомасын ерікті түрде толтыру сынды шаралар қабылдай алады", - делінген БЖЗҚ хабарламасында.

Сондай-ақ дереккөз мәліметіне сүйенсек, салымшы кез келген уақытта жеке жоспардың кіріс деректерін өзгерте алады. Мысалы болашақта қалайтын зейнетақы мөлшерін өзгертіп, жаңа жоспар құра алады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/nurfin/2056197-endi-qazaqstandyqtar-bolasaq-zeinetaqysynyn-molserin-zosparlai-alady/

pixel