Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Бітімгершілік миссияға қатысатын әскери қызметшілерге қанша ақша төленеді

Жарияланған күні:

Сапта тұрған әскери қызметші
Әскери қызметші. Фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Қорғаныс министрі Руслан Жақсылықов бітімгершілік миссияға қатысатын қазақстандық әскери қызметшілер қанша төлемақы алатынын айтты. Бұл туралы ол парламент кулуарында мәлім етті, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Руслан Жақсылықов Қазақстан тұңғыш рет Таяу Шығыстағы даулы аумақ – Голан жоталарында тәуелсіз бітімгершілік миссиясын өткізетінін айтты.

"Рота құрамы 139 әскери қызметшіден тұрады. Айта кетерлігі, олардың қатарында әскерге шақырылған сарбаздар жоқ, тек кәсіби әскери қызметшілер, келісімшарт бойынша әскери қызметшілер мен оқудың толық циклін аяқтаған офицерлер бар.

Әскери қызметшілерімізді материалдық қамтамасыз етуге келсек, біздің ротада бітімгершілік бөлімше, барлау, инженерлік-техникалық және медициналық бөлімшелер бар. Наурыз айының басында кетеді. Қанша қаражат? Бізге айына әр адамға 1 мың доллардан төленеді", - деді министр.

Бұған дейін мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың БҰҰ миссияларына қатысу үшін Қазақстан қарулы күштері контингентін жіберу туралы ұсынысын бүгін, 19 қаңтарда парламент палаталарының бірлескен отырысында қорғаныс министрі Руслан Жақсылықов оқып берген еді.

Қазақстан парламенті президенттің ұсынысын қолдады. Бұл жөнінде парламент палаталарының бірлескен отырысында мәлім болды.

ҚР қорғаныс министрі Руслан Жақсылықовтың айтуынша, БҰҰ-миссияларына 430 қазақстандық әскери қызметші жіберіледі. Миссиялар Сирия, Палестина, Израиль, Оңтүстік Судан және Суданда өтеді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/nurfin/2056372-bitimgersilik-missiyaga-qatysatyn-askeri-qyzmetsilerge-qansa-aqsa-tolenedi/