Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

БҰҰ миссияларына қатысу үшін Қазақстан бітімгершілік контингентін қай елдерге жібереді

Опубликовано:

Әскери қызметкерлер
Әскери қызметкерлер. Көрнекі фото: ҚР Қорғаныс министрлігі

Парламент палаталарының бірлескен отырысында депутаттар президенттің БҰҰ миссияларына қатысу үшін Қазақстаннан бітімгершілік күштерін жіберу туралы ұсынысын қабылдады – қазақстандық бітімгерлердің қайда жіберілетіні белгілі болды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

ҚР қорғаныс министрі Руслан Жақсылықовтың айтуынша, БҰҰ-миссияларына 430 қазақстандық әскери қызметші жіберіледі. Миссиялар Сирия, Палестина, Израиль, Оңтүстік Судан және Суданда өтеді.

БҰҰ миссияларының толық атауы мынадай:

  • "БҰҰ-ның Голан жотасындағы бөлуді байқау күштері" (UNDOF, Сирия – Израиль);
  • "БҰҰ-ның бітімге келу шарттарының орындалуын байқау жөніндегі органы" (UNTSO, Палестина – Израиль);
  • "БҰҰ-ның Оңтүстік Судан Республикасындағы миссиясы" (UNMISS, Оңтүстік Судан);
  • "БҰҰ-ның Абьейдегі қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі уақытша күштері"

Бұған дейін мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың БҰҰ миссияларына қатысу үшін Қазақстан қарулы күштері контингентін жіберу туралы ұсынысын бүгін, 19 қаңтарда парламент палаталарының бірлескен отырысында қорғаныс министрі Руслан Жақсылықов оқып берген еді.

Қазақстан парламенті президенттің бұл ұсынысын қолдады. Бұл жөнінде парламент палаталарының бірлескен отырысында мәлім болды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/2056365-buu-missiyalaryna-qatysu-usin-qazaqstan-bitimgersilik-kontingentin-qai-elderge-ziberedi/

pixel