Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ұлттық банк базалық мөлшерлемені төмендетті

Опубликовано:

Қазақстанның ұлттық банкі
Ұлттық банк. Көрнекі фото: nationalbank.kz

Қазақстанның Ұлттық банкі базалық мөлшерлемені жылдық 15,25 пайызға дейін төмендету туралы шешім қабылдады, деп хабарлайды орталық банктің ресми сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

"Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің Ақша-кредит саясаты комитеті базалық мөлшерлемені +/– 1 п.т. дәлізімен жылдық 15,25%-ға дейін төмендету туралы шешім қабылдады", - делінген банктің баспасөз хабарламасында.

Ұлттық банк өкілдерінің мәліметінше, жылдық инфляция 2023 жылдың соңына қарай бір таңбалы мәнге жетті. Айлық инфляция желтоқсанда орташа жылдық мәндерден біршама жоғары болды.

"Сыртқы инфляциялық процестер азық-түліктің әлемдік бағасының төмендеуі мен орталық банктердің тежеу саясатына байланысты қолайлы қалыптасуда. Фискалдық ынталандырумен қамтамасыз етілген орнықты ішкі сұраныс, сондай-ақ жоғары және тұрақсыз инфляциялық күтулер тарапынан ішкі экономикада инфляциялық қысым сақталып отыр", - дейді Банк өкілдері.

Ұлттық банк ұсынған мәліметке сүйенсек, базалық мөлшерлеме бойынша бұдан кейінгі шешімдер инфляцияның динамикасына және оның болжамды траекториясына қаншалықты сәйкес келетініне байланысты болады.

"5 пайыздық инфляция бойынша мақсатқа жету үшін ұстамды қатаң ақша-кредит шарттарын сақтау қажет. Ұлттық Банк экономикадағы ақпараттар легін қадағалап отыратын болады және күтпеген өзгерістер болмаса, базалық мөлшерлемені өзгертуді тоқтата тұруды жоққа шығармай, оны кезең-кезеңімен төмендетуді жалғастырады. Сонымен бірге мөлшерлемені төмендету циклі ұзақ болуы мүмкін", - делінген Банк хабарында.

Орталық банк ұсынған мәлімет бойынша, жылдық инфляция 2023 жылғы желтоқсанда 9,8 пайызға дейін төмендеді, бұл Ұлттық банктің болжамына сәйкес келеді. Баға өсімінің баяулауы жүргізіліп жатқан ақша-кредит саясатына, азық-түліктің әлемдік бағасының және өндіріс шығасыларының төмендеуіне, биліктің инфляцияға қарсы шараларына, сондай-ақ өткен жылғы жоғары база әсерінің ықпалына байланысты.

Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің Ақша-кредит саясаты комитетінің базалық мөлшерлеме бойынша кезекті жоспарлы шешімі 2024 жылғы 23 ақпанда Астана қаласының уақытымен сағат 12:00-де жарияланады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/nurfin/2056394-ulttyq-bank-bazalyq-molserlemeni-tomendetti/

pixel