Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Биыл қазақстандық балалар Ұлттық қордан қанша ақша алады

Опубликовано:

Ақша санап отырған қыз бала
Ақша санап отырған қыз бала. Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Брифингте Ұлттық банк басшысы Тимур Сүлейменов биыл "Ұлттық қор - балаларға" жобасы аясында балаларға қанша ақша бөлінетінін айтты, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Тимур Сүлейменов бағдарламаның операторы БЖЗҚ тексеру жұмыстарын жүргізіп жатқанын айтты.

"Қазір бізге түскен мәліметтерді тексеріп жатырмыз, ол бағдарламаның операторы Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры (БЖЗҚ). Біз салыстырып тексереміз, база ауқымды. Әділет министрлігі мен Азаматтарға арналған үкіметтің базасы бойынша біздің жүйеге кіретін 7 миллионға жуық бала бар", - деді Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменов брифингте.

Оның айтуынша, үкімет деңгейінде қаңтар айының соңына дейін қабылданатын заң бар.

"Біздің барлық жүйе дайын, мұнда 7 млн баланың шоты бар, текcергеннен кейін біз оларды толығымен ашамыз.

"024 жылы 700 миллион долларға жуық қаржы 18 жасқа дейінгі балалар шотына бөлінеді", - деді Ұлттық банк басшысы.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/nurfin/2056494-biyl-qazaqstandyq-balalar-ulttyq-qordan-qansa-aqsa-alady/

pixel