Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстандықтар қайдан 1 миллион теңгеден астам табыс таба алады

Опубликовано:

ақша санап отырған әйел
Ақша санап отырған әйел. Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Қазақстанда тек банкирлер мен қаржыгерлер жоғары жалақы алмайды, сонымен қатар инженерлер мен дәнекерлеушілерге көп жалақы беріледі. Сондай-ақ қазақстандықтар жалақысы 1 миллион теңгеден астам вахталық жұмыс таба алады. Толығырақ KAZ.NUR.KZ материалынан біліңіз.

Вахталық жұмыс қазақстандықтар үшін тиімді болуы мүмкін. Жұмыс берушілер штаттағы қызметкерлерге қарағанда тұрғылықты жерінен алысқа ұзап, сапарға шығатын қызметкерлерге көбірек жалақы төлеуге дайын.

HeadHunter жұмыс іздеу порталы сарапшыларының cөзіне сенсек, тек шикізат өндіру мамандары емес, машинист, инженер, жинаушы, фрезерлік білдекпен жұмыс істейтін маман, дәнекерлеуші, аспаз, күзетші, күтуші, бағдарламашы, тіпті медицина қызметкері мен сатушы вахталық жұмыс істей алады.

2023 жылы вахталық жұмысшыларға деген сұраныс Қарағанды мен Атырау қалаларында жоғары екені анықталды – жалпы қызметкерлер ішінде оларға деген сұраныс көлемі 10 әрі 8 пайызға тең.

Вахталық жұмыстағыларға қанша жалақы төленеді

Вахталық режимде жұмыс істейтіндердің орташа жалақысы шамамен - 541 000 теңге. Салыстырар болсақ, елімізде 2023 жылғы 3-тоқсанның қорытындысына сәйкес, бұл көрсеткіш 350 542 теңгеге тең еді.

Неліктен вахталық режимде жұмыс істейтін жалақысы құбылмалы? Себебі бос жұмыс орындардың басым бөлігі шетелдегі компанияларға тиесілі: мәселен Англия, Нидерланды, Бельгия, Германия және Ресей.

Мысалы, Бельгияда 1-3 жылдық тәжірибесі бар дәнекерлеуші қажет. Жұмыс беруші қызметкерге 1,3 миллионнан 1,7 миллион теңгеге дейін қолма-қол ақшамен жалақы төлеуге уәде береді. Ал Ресейдегі Мурманск қаласында технологиялық процестерді басқарудың автоматтандырылған жүйесі саласында 1 жылдан 3 жылға дейін жұмыс өтілі бар маман қажет – олар оған 1,7-ден 2 миллион теңгеге дейін төлеуге дайын.

Германияда болса 1-3 жылға дейін еңбек өтілі мен жұмыс тәжірибесі бар жартылай автоматты құрылғыны қоллдануды білетін дәнекерлеуші іздеп жатыр. Жұмыс берушілер қолма-қол 1 миллионнан 1,5 млн теңгеге дейін төлеуге уәде береді. Нидерландыда 3 жылдан 6 жылға дейін тәжірибесі бар технологиялық құбырларды монтаждаумен айналысатын қызметкер қажет. Қолма-қол 1,3 миллионнан 1,5 миллион теңгеге дейін жалақы төленеді. Ал Англияда егін шаруашылығы бойынша егін теруші қажет. Ол жақта жұмыс өтілінің, тәжірибенің болуы шарт емес, алайда олардың да жалақысы басқа мамандармен салыстырғанда кем деп айту қиын – қолма-қол 1 миллионнан 1,5 миллион теңгеге дейін жалақы төленеді.

Осылайша өз елінде жалақысы жоғары қызмет таба алмаған қазақстандықтар өз мамандығына сұранысы бар шетелде "бағын сынай алады".

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/nurfin/2056781-qazaqstandyqtar-qaidan-1-million-tengeden-astam-tabys-taba-alady/

pixel