Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Астана" қаржы орталығының басшысы қанша жалақы алатынын айтты

Опубликовано:

Ренат Бектұров
Ренат Бектұров. Фото: aix.kz

Сенат кулуарында "Астана" халықаралық қаржы орталығы басшысы Ренат Бектұров айына қанша жалақы алатынын және оны қайда жұмсайтынын айтты, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Ренат Бектұров АХҚО қызметкерлерінің жалақысы біліктілік деңгейіне байланысты екенін айтты.

"Жас мамандар (жалақысы - ред.еск.) бізде тәжірибесіне қарай 300-350 мың теңгеден 500 мың теңгеге дейін басталады. Одан кейінгілер шамамен 600 мың теңге, басшылар -700-800 мың теңгеден жоғары айлық алады. Мен бірінші басшымын... жалақы тиісінше 700-800 мың теңгеден жоғары", - деді ол.

Бектұров бос уақытының аздығынан белсенді түрде инвестиция сала алмайтынын жеткізді.

"Түсінікті, біз инвестиция салуға тырысамыз. Бірақ бес балам бар, көп қалмайды да. Біз де барлық адам сияқты өмір сүріп жатырмыз: ипотека, несие төлейміз, балаларға - балабақшаға, мектепке жұмсаймыз. Әрине, несие бар: кімде жоқ дейсіз. Ипотекалық несие, тұтынушылық (несие - ред.еск.) бар", - деді АХҚО басшысы.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/nurfin/2057459-astana-qarzy-ortalygynyn-bassysy-qansa-zalaqy-alatynyn-aitty/

pixel