Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстанда МӘМС бойынша ең жоғары жарнаның ұлғаюы кімге әсер етеді

Опубликовано:

Әмиян мен ақша
Әмиян мен ақша. Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Қазақстанда міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру бойынша ең жоғары жарна мөлшерін бес есеге арттыру мүмкіндігі қарастырылып жатыр. Бірақ бұл тек жалақысы 850 000 теңгеден жоғары қызметкерлерге әсер етеді. Толығырақ KAZ.NUR.KZ материалынан оқыңыз.

Денсаулық сақтау министрлігі міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіне (МӘМС) аударымдар мен жарналарды есептеу үшін ең жоғары кіріс мөлшерін бес есеге – 10-нан 50 ең төменгі жалақыға (ЕТЖ) дейін арттыруды ұсынды. Тиісті заң жобасы "Ашық НҚА" порталында жарияланған.

Егер аталған заң жобасы қабылданса, жұмыс берушілер үшін 2024 жылы МӘМС бойынша ең жоғары жарна мөлшері 25 500 теңгеден 127 500 теңгеге дейін, ал қызметкерлер үшін 17 000 теңгеден 85 000 теңгеге дейін өседі. Яғни МӘМС-ке жасалатын аударымдар сомасы бес есеге артады.

Кейбір сарапшылардың пікірінше, оның күрт өсіп кетуі қазақстандық салық төлеушілерге кері әсерін тигізуі мүмкін.

Алайда Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры (ӘМСҚ) ақпараты бойынша, бұл ұсыныс халықаралық тәжірибе ескеріле отырып әзірленген, оған қоса, ол азаматтардың әл-ауқатына айтарлықтай әсер етпеуге тиіс.

ӘМСҚ есебіне сүйенсек, көтерілген тарифтер тек кейбір қазақстандыққа әсер етеді. Азаматтардың басым бөлігінде (91 пайызы) жалақы мөлшері төмен, сондықтан МӘМС бойынша жарналардың мөлшерлемелері тек жоғары жалақы алатын қызметкерлерге көтеріледі. Бүгінде еліміздегі қызметкерлердің 9 пайызында ғана табыс мөлшері 10 ең төменгі жалақы көрсеткішінен жоғары, яғни 850 мың теңге.

Сонымен қатар қор өкілдерінің пікіріне сәйкес, бұл шара медициналық көмектің қолжетімділігі мен сапасын ғана арттырып қоймай, әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінің ортақ жауапкершілігі қағидатын сақтайды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/nurfin/2058163-qazaqstanda-mams-boiynsa-en-zogary-zarnanyn-ulgayuy-kimge-aser-etedi/

pixel