Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ұлттық қордың ақшасы "ҚазМұнайГаз" акцияларын сатып алуға жұмсалуы мүмкін: қаулы жобасы жарияланды

Опубликовано:

"ҚазМұнайГаз" атауы жазылған тақтайша
"ҚазМұнайГаз" атауы жазылған тақтайша. Фото: "ҚазМұнайГаз" ҰК АҚ баспасөз қызметі

Қаржы министрлігі "ҚазМұнайГаз" АҚ акцияларын Ұлттық қор ақшасына сатып алу туралы үкімет қаулысының жобасын жариялады. Қаулы жобасы "Ашық НҚА" порталында жарияланды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Құжат жобасына сәйкес Ұлттық қорды сенімгерлікпен басқару шартын мынадай тармақпен толықтыру ұсынылады:

  • "Инвестициялық операцияларды жүзеге асыру қағидалары шеңберінде шарттың 3.1.3-тармағына сәйкес сатып алынған қазақстандық қаржы құралдарын қоспағанда, Қор активтерінің бір бөлігін сыртқы басқарушының басқаруына беруді қоса алғанда, Қор активтерін инвестициялауды дербес жүзеге асыруға құқылы.
  • Шарттың 3.1.3-тармағына сәйкес сатып алынған қазақстандық қаржы құралдарын Ұлттық әл-ауқат қорына басқаруға беруге жол беріледі.

Бұл ретте қор активтерін басқарудағы сыртқы басқарушылардың қызметін бақылау Ұлттық банкке жүктеледі.

Сонымен қатар келісім бойынша тағы бір тармақпен толықтыру ұсынылады:

"Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын басқару жөніндегі кеңестің ұсынымдарын ескере отырып, кейіннен Банк айқындайтын шарттарда Банктің Ұлттық әл-ауқат қорының басқаруына беру мүмкіндігімен "ҚазМұнайГаз" ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамының акцияларын Банктің республикалық бюджетті қаржыландыру үшін сатып алуы жөнінде шешімдер қабылдауға құқылы", - делінген қаулы жобасында.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/nurfin/2058201-ulttyq-qordyn-aqsasy-qazmunaigaz-akciyalaryn-satyp-aluga-zumsaluy-mumkin-qauly-zobasy-zariyalandy/

pixel