Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Елде қай өңірдің тұрғындары көбірек ипотека рәсімдегені белгілі болды

Опубликовано:

Ғимараттың құрылыс жұмыстары
Ғимараттың құрылыс жұмыстары. Көрнекі фото: pixabay.com

Сарапшылар 2023 жылғы жағдай бойынша қазақстандық ипотекалық несие алушының портретін құрастырды. Нәтижесінде астаналық немесе алматылық 31 бен 40 жас аралығындағы әйелдер жиі ипотека алатыны анықталды. Толығырақ KAZ.NUR.KZ материалынан оқыңыз.

Қазақстанда 2023 жылы ипотекаға деген сұраныс айтарлықтай төмендеген. Жаңа несиелер саны бір жылда 19,2 пайызға, ал жалпы несиелер сомасы 17,3 пайызға азайды. Бір жыл ішінде 1,76 трлн теңгеге 116,6 мың тұрғынға үй несиесі берілген.

Data Hub Telegram арнасының сарапшылары 2023 жылы кім көп ипотека алғанын анықтады.

Қазақстандық ипотека алушының портреті

Бір жыл ішінде 111,7 мың қазақстандық ипотека рәсімдеген. Көбіне тұрғын үй несиелері Астана (жалпы рәсімделген ипотека көрсеткішінің 20 пайызы) мен Алматы (15 пайызы) тұрғындарына берілді.

Орташа есеппен ипотека иелері 15,7 млн теңге несие алған. Алайда кей қалада рәсімделген несиелердің орташа сомасы тіпті жоғары болған, мысалы, Алматыда – 20,7 млн теңге, Астанада – 18,4 млн теңге.

Тұрғын үйді ипотекаға ерлерге қарағанда көбіне әйелдер сатып алған. Ипотека рәсімдеген әйелдер саны – 54 пайыз, ер адамдар саны – 46 пайыз. Бірақ қарыз алушылардың ішінде ипотеканы рәсімдегендердің басым бөлігі 31-ден 40 жасқа дейінгі азаматтар – бұл жас аралығындағы адамдардың барлық рәсімделген несие көрсеткіші – 39 пайыз.

Осылайша 2023 жылы ең белсенді ипотека рәсімдеуші – Астана немесе Алматы қаласында тұратын 31 мен 40 жас аралығындағы әйел екені анықталды.

Ал өзге санаттардан қарағанда ерекшеленген қарыз алушы 51 бен 60 жас аралығындағы ер адамдар екені белгілі болды. Бұл жас аралығындағы ер адамдар жалпы 2,1 миллиард теңге сомаға ипотека рәсімдеген, бұл өткен жылғы тұрғын үй несиесі бойынша ең жоғары сомаға тең.

Қазақстанда бірнеше себеппен ипотекаға деген сұраныс төмендеуі мүмкін, соның ішіне тұрғын үй бағасының артуы, сондай-ақ тіпті әлемдік стандарттардан тыс несие бойынша пайыздық мөлшерлемелердің жоғарылауы кіреді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/nurfin/2058381-elde-qai-onirdin-turgyndary-kobirek-ipoteka-rasimdegeni-belgili-boldy/

pixel